Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по социальной защите молодежи в рамках реализации программы "Дорожная карта бизнеса-2020"

Қаулы · № 554 · қабылданған 24.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-57146/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О дополнительных мерах по социальной защите молодежи в рамках реализации программы "Дорожная карта бизнеса-2020" Күшін жойған Қаулы ·№ 554 ·24.12.2010
28.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительных мерах по социальной защите молодежи в рамках реализации программы "Дорожная карта бизнеса-2020"

Күшін жойған Қаулы ·№ 554 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по социальной защите молодежи в рамках реализации программы "Дорожная карта бизнеса-2020"
Атауы (қаз.)
"Бизнестің жол қартасы-2020" бағдарламасын іске асыру аясында жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
554
Қабылданған күні
24.12.2010
Көрсетілген редакция
28.12.2011 AI57146_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VD000144
ЭКБ идентификаторы
57146
Редакция идентификаторы
AI57146_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:28

0 "Бизнестің жол қартасы-2020" бағдарламасын іске асыру аясында жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13),  14)тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi № 581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8 баптарына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру аясында (әрі қарай -Қатысушылар) техникалық және кәсiптiк, жоғары бiлiм алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру жолымен жастарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдансын.

2 2. Жұмысқа орналастыру төмендегi критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:

1 1) «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде (әрі қарай – Бөлiм) жұмыссыз ретiнде тiркелген қатысушыларды жұмысқа жіберу;

2 2) қатысушыларды iрiктеу кезеңiнде оларға қолайлы жұмыстың болмауы;

3 3) түлектің жасы 24 жасқа дейiн;

4 4) жұмыс мерзiмi 6 айға дейiн.

3 3. Жұмысқа орналастыру кәсіпкерлік субъектілерінде (әрі қарай – Жұмыс берушiлер) Жұмыс берушi мен Бөлiм арасындағы шарттың негiзiнде ұйымдастырылады және өткiзiледi.

Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрі мен көлемі және жұмысты төлеудің шарттары, қаржыландыру көздері және уақыты көрсетілуі міндетті.

4 4. Еңбек шарттары, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, Жұмыс берушi мен Қатысушының арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.

5 5. Қаулыда көрсетілмеген басқа да шарттар Жұмыс беруші мен Қатысушылардың арасында жасалған еңбек шартында көрсетіледі.

6 6. Қатысушылардың еңбегін төлеу республикалық бюджеттен 26 000 (жиырма алты мың) теңге мөлшерінде қаржыны олардың дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.В. Каһармановқа жүктелсiн.

8 8. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылдың 01 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға тарайды.

Қолданыстағы