Об организации молодежной практики в рамках реализации программы "Дорожная карта бизнеса - 2020"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации молодежной практики в рамках реализации программы "Дорожная карта бизнеса - 2020"
- Атауы (қаз.)
- "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын іске асыру аясында жастар практикасын ұйымдастыру туралы"
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1565
- Қабылданған күні
- 30.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2012 59534_207341.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11LA000177
- ЭКБ идентификаторы
- 59534
- Редакция идентификаторы
- 59534_207341
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:05
0 "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын іске асыру аясында жастар практикасын ұйымдастыру туралы"
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 13), 14)тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 581 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 1, 5, 8баптарына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"мемлекеттік мекемесі "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын іске асыру аясында жоғарғы оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің кәсіби мамандыққа диплом алған түлектердің біліктілігіне сәйкес жұмыспен қамтуды ұйымдастырсын.