Құжат мәтініне өту

Об определении условий бюджетного кредитования при финансировании проектов в рамках второго направления Программы занятости 2020

Қаулы · № 187/8 · қабылданған 20.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-60540/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об определении условий бюджетного кредитования при финансировании проектов в рамках второго направления Программы занятости 2020 Күшін жойған Қаулы ·№ 187/8 ·20.09.2011
20.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий бюджетного кредитования при финансировании проектов в рамках второго направления Программы занятости 2020

Күшін жойған Қаулы ·№ 187/8 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий бюджетного кредитования при финансировании проектов в рамках второго направления Программы занятости 2020
Атауы (қаз.)
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жобаларды қаржыландыру кезінде бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
187/8
Қабылданған күні
20.09.2011
Көрсетілген редакция
20.04.2012 AI60540_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11P0003190
ЭКБ идентификаторы
60540
Редакция идентификаторы
AI60540_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:36

0 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жобаларды қаржыландыру кезінде бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 180-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы ереженің 543-тармағына, Павлодар облыстық мәслихатының (IV сайланған кезектен тыс XXXIII сессиясы) 2011 жылғы 16 наурыздағы "Облыстық мәслихаттың (IV сайланған, XXIX сессиясы) 2010 жылғы 13 желтоқсандағы "2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" № 324/29 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 355/33 шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бюджеттік кредиттерді берудің 2011 жылға арналған мынадай шарттары белгіленсін:

беру мақсаты - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) екінші бағыты шеңберінде жобаларды қаржыландыру;
кредит мөлшері – 370,0 млн. теңге;
кредит валютасы – теңге;
кредитті игеру мерзімі – 2014 жылғы 25 желтоқсанға дейін;
кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін, негізгі қарызды өтеудің жеңілдікті кезеңі – 18 айға дейін;
уәкілетті өңірлік ұйымға кредит ретінде бюджет қаражатын бергені үшін сыйақы мөлшерлемесі – бюджет пайдасына аударуға жататын жылына 2,65 %;
уәкілетті өңірлік ұйымымен микроқаржы ұйымына ұсынылатын кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесін, сондай-ақ Бағдарламаның қатысушысына кредит бойынша ең жоғарғы жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін уәкілетті өңірлік ұйым Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның келісімі бойынша белгілейді;
Бағдарламаның бір қатысушысына кредит қаражатын берудің ең жоғарғы сомасы – 3000000 (үш миллион) теңге.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы