Құжат мәтініне өту

Об определении порядка отбора участников Программы "Доступное жилье - 2020" по линии жилищного строительного сберегательного банка Казахстана для молодых семей и предоставления им жилья

Қаулы · № 2198 · қабылданған 19.11.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2020-ekb-75704/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении порядка отбора участников Программы "Доступное жилье - 2020" по линии жилищного строительного сберегательного банка Казахстана для молодых семей и предоставления им жилья Күшін жойған Қаулы ·№ 2198 ·19.11.2013
27.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка отбора участников Программы "Доступное жилье - 2020" по линии жилищного строительного сберегательного банка Казахстана для молодых семей и предоставления им жилья

Күшін жойған Қаулы ·№ 2198 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка отбора участников Программы "Доступное жилье - 2020" по линии жилищного строительного сберегательного банка Казахстана для молодых семей и предоставления им жилья
Атауы (қаз.)
Жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу тәртібін және оларға тұрғын үй беру кезектілігін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2198
Қабылданған күні
19.11.2013
Көрсетілген редакция
27.02.2015 AI75704_4.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13SA002416
ЭКБ идентификаторы
75704
Редакция идентификаторы
AI75704_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:51

0 Жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу тәртібін және оларға тұрғын үй беру кезектілігін анықтау туралы

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу тәртібін және оларға тұрғын үй беру кезектілігін анықтау туралы.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын Петропавл қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Петропавл қаласы әкімдігінің

2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 2198 қаулысына
қосымша
Жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу тәртібін және оларға тұрғын үй беру кезектілігін анықтау туралы

1

1. Осы жас отбасылар үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы тұрғын үй бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігі тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына (Бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес анықталды.

2

2. Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (Бұдан әрі - тұрғын үйді іске асыру бойынша уәкілетті орган) жалгерлік тұрғын үйді пайдалануға беруді жүргізгенге дейін 6 айдан кем емес уақытта басталады.

3 3. Бағдарламаға қатысуға өтінішті қабылдау жалгерлік тұрғын үй құрылысы басталғанға дейін 3 ай ішінде аяқталады.

4

4. ТКШ бөлімі бұқаралық ақпарат құралдарында және өтініштерді қабылдау орнында басталу туралы хабарлама жарияланғаннан күннен бастап құжаттарды қабылдауды бастайды және бұқаралық ақпарат құралдарында өтініштерді қабылдауды аяқтау жөніндегі хабарламада көрсетілген күннен бастап құжаттарды қабылдауды аяқтайды.

5 5. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, тұрғын үйді іске асыру бойынша уәкілетті орган өтініштерді қабылдау мерзімін он бес күнге ұзартуға құқылы.

Қолданыстағы