Об определении порядка отбора участников Программы "Доступное жилье - 2020" по направлению - жилье по линии жилищного строительного сберегательного банка Казахстана для молодых семей и очередности предоставления им жилья в городе Павлодаре
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка отбора участников Программы "Доступное жилье - 2020" по направлению - жилье по линии жилищного строительного сберегательного банка Казахстана для молодых семей и очередности предоставления им жилья в городе Павлодаре
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қаласында жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша - "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1433/13
- Қабылданған күні
- 04.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2015 AI84809_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PA004205
- ЭКБ идентификаторы
- 84809
- Редакция идентификаторы
- AI84809_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:05
0 Павлодар қаласында жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша - "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» Бағдарламасын бекіту туралы» № 821 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Павлодар қаласында жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша - «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібі анықталсын.
2 2. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
5 Павлодар қаласында жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша – «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібі
Павлодар қаласы әкімдігінің
2014 жылғы «04» қарашадағы
№ 1433/13 қаулысына
қосымша
Павлодар қаласында жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс
жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша – «Қолжетімді
тұрғын үй – 2020» Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу
және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Павлодар қаласында жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес белгіленеді.
2 2. Тәртіпте келесі негізгі түсініктер пайдаланылады:
1 1) Тұрғын үйді іске асыру жөніндегі уәкілетті орган – «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
2 2) Жас отбасы – бұл кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған жас отбасы (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтке), сондай-ақ балаларын (баласын) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы.
2 2. Жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша тұрғын үйді беру тәртібі
3 3. Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкелетті орган) жалгерлік тұрғын үйді пайдалануға беруді жүргізгенге дейін 6 айдан кем емес уақытта басталады.
Бағдарламаға қатысуға үміткерлер толықпаған жағдайда уәкілетті орган өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартуға құқылы.
4 4. Бағдарламаға қатысу үшін өтініштер қабылданған кезде уәкілетті органмен өтініш иелерінің Бағдарламада белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізіледі:
1 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы не оралман мәртебесінің болуы;
2 2) тіркелген некесінің кезеңі отбасының толық еместігін қоспағанда өтініш берген кезеңде 2 жылдан кем болмауы;
3 3) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған болуы не балаларды (баланы) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелеп отырған толық емес отбасы болуы;
4 4) Бағдарламаға қатысушы тұрғын үй алуға үміттенуші қатысушының елді мекенде тіркеуде болуы;
5
5) Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұрақты тұратын оның отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелет жасқа толмаған балалары), сондай-ақ өтініште көрсетілген отбасы құрамына қосылған және отбасының басқа мүшелерінің меншік құқығында немесе Қазақстан Республикасының аумағында кейіннен сатып алу құқығымен жалдау тұрғын үйінің болмауы;
6
6) Бағдарлама қатысушыларының және онымен тұрақты түрде бірге тұратын оның отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке жасқа толмаған балалары), сондай-ақ отбасы құрамына қосылған және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 (бес) жылда оған меншік құқығына тиесілі тұрғын үй-жайды ауыстыру немесе тұрғын үйді иеліктен шығару жолымен тұрғын үй жағдайларын қасақана төмендету фактілерінің болмауы;