Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Айыртаускому сельскому округу на 2021-2022 годы

Өзге акт · № 422 · қабылданған 28.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-2022-ekb-151073/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Айыртаускому сельскому округу на 2021-2022 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 422 ·28.12.2020
27.12.2021 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Айыртаускому сельскому округу на 2021-2022 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 422 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Айыртаускому сельскому округу на 2021-2022 годы
Атауы (қаз.)
Айыртау ауылдық округі бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
422
Қабылданған күні
28.12.2020
Көрсетілген редакция
27.12.2021 151073_558739.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VQ008163
ЭКБ идентификаторы
151073
Редакция идентификаторы
151073_558739
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:30

0 Айыртау ауылдық округі бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі

жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Айыртау ауылдық округі бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Айыртау ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспар

Ұлан аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 422 шешіміне қосымша
Айыртау ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған
жоспар
Айыртау ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайлымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормасын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ұйымдастыру үшін:
- жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бөлінісінде Айыртау ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (1-қосымша);
- жайылым айналымдарының қолайлы схемалары (2-қосымша);
- жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта (3-қосымша);
- жайылым пайдаланушыларының су көздеріне қол жеткізу схемасы (4-қосымша);
- жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы (5-қосымша);
- жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы (6-қосымша);
- ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте (7-қосымша) жасалды.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық тексерудің жай-күйі туралы мәліметтерді, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтерді, ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректерді, олардың иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсетумен, малдардың түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректерді, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының басын қалыптастыру туралы мәліметтерді, мәдени және аридті жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктерін, мал айдауға арналған сервитуттар туралы мәліметтерді және мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректерді ескере отырып қабылданды.
Айыртау ауылдық округі Ұлан ауданының орталық бөлігінде, таулы-дала, құрғақ дала аймағында орналасқан. Таулы-дала аймағы таулы шалғынды-дала, тау алды далалық орташа ылғалды және далалық орташа құрғақ кіші аймақтарға бөлінеді. Климаты орташа-құрғақ, орташа ыстық, жылдық орташа жауын-шашыны 360-390 мм. Ауа температурасы ең төменгі -45, ең жоғарғы +40. Орташа жылдық температурасы +10. Салыстырмалы ылғалдылығы 68 %. Оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағыттағы желдер басым, орташа жылдық жылдамдығы 2,7 м/сек.
Топырағы қара-қоңыр, оңтүстік таулы қара топырақты, кәдімгі қара топырақты, оңтүстік қара топырақты, сілтісізденген және кәдімгі таулы қара топырақ.
Өсімдік жамылғысы: бетегелі-селеулі-жусанды, бетегелі-селеулі-түрлі шөпті, түрлі шөпті-астық тұқымдастар, жұмсақ сабақты және бұталы-шыңды-астық тұқымдастар.
Тұрақты қар жамылғысы қараша айының ортасында орнайды, сәуір айының бірінші онкүндігінде кетеді. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 130-150 күн.
Гидрография Ертіс өзенінің бассейні болып табылады. Ең ірі өзендер: Ұлан, Дресвянка, Ұзын Бұлақ және көптеген басқа өзендер мен бұлақтар.
Әкімшілік орталығы Айыртау ауылы аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінен оңтүстік-батысқа қарай 16,5 км.жерде орналасқан.
Айыртау ауылдық округі 37905,1 гектар алаңды алып жатыр, оның ішінде: егістік – 11116,6 гектар, жайылым – 21965,2 гектар, шабындық – 1426,1 гектар.
Жер санаттары бойынша:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 33810,8 гектар;
елді мекендердің жерлері- 4008,1 гектар;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер – 86,1 гектар;
босалқы жерлер - 9404 гектардан құралады.
2020 жылдың 1 қаңтарына Айыртау ауылдық округінде ауыл шаруашылығы малдарының саны: ірі қара мал 3807 бас, оның ішінде аналық мал 1696 бас, ұсақ қара мал 5267 бас, жылқы 2591 бас (№1 кесте).
№1 кесте

Ауыл­дық
окру­гі
ха­лық
ш/қ және ЖШС
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
бар­лы­ғы
оның ішін­де са­уы­ла­тын­дар
бар­лы­ғы
оның ішін­де са­уы­ла­тын­дар
1
Ай­ыр­тау
1903
947
2465
975
1904
749
2802
1616
кестенің жалғасы
Бар­лы­ғы:
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
бар­лы­ғы
оның ішін­де са­уы­ла­тын­дар
3807
1696
5267
2591
Округте ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарына ветеринарлық қызмет көрсету үшін 1 – ветеринарлық пункт, 2 – мал қорымы ұйымдастырылған.
Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Айыртау ауылдық округі бойынша 21695,2 гектар жайылым жерлер бар, елді мекендер шегінде 3401 гектар жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, Айыртау ауылдық округі жергілікті халықтың мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің 3401 гектар бар жайылымдық алқаптарында қажеттілігі 3701,5 гектар құрайды (№ 2 кесте), оны малдарды қорада ұстау есебінен толықтыру жоспарлануда.
№ 2 кесте

Ауыл­дық окру­гі
Жай­ы­лым ала­ңы, (га)
Са­уын сиыр­лар­дың бар бо­луы (бас)
Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас, (га)
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
Же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, (га)
1
Ай­ыр­тау
3401
947
7,5
7102,5
3701,5
Айыртау ауылдық округінің жергілікті тұрғындарының малын жаю үшін 3099,8 гектар берілді.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық малдарын жаю бойынша 19642,5 гектар көлемінде жайылымдық алқап қажеттілігі бар, ІҚМ басына түсетін жүктеме нормасы – 7,5 га/бас, ұсақ мал - 1,5 га/бас, жылқы - 9 га/бас (№ 3 кесте).
№ 3 кесте

Ауыл­дық окру­гі
ха­лық
Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га)
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
1
Ай­ыр­тау
956
2465
975
7,5
1,5
9
кестенің жалғасы
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
Мал жаю үшін бе­ріл­ді
Же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, (га)
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
Бар­лы­ғы (га)
7170
3697,5
8775
19642,5
3099,8
16542,7
16542,7 гектар мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қалыптасқан қажеттілігін 05-079-015 есептік кварталының шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы малдарын жаю есебінен толықтыру қажет.
Айыртау ауылдық округінің ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 1904 бас, ұсақ қара мал 2802 бас, жылқы 1616 басты құрайды (№ 4 кесте).
№ 4 кесте

Ауыл­дық округ
Мал­дың қол­да ба­ры
түр­ле­рі бой­ын­ша, (бас)
Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га)
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
Бар­лы­ғы (га)
1
Ай­ыр­тау
1904
2802
1616
7,5
1,5
9
14280
4203
14544
33027
ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым алаңы 18478,7 гектар құрайды. ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым алқаптарының 14548,3 гектар көлемінде қалыптасқан қажеттілігін босалқы жерлер мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының жем-шөп базасы есебінен толықтыру қажет.

4 Айыртау ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

Айыртау ауылдық округінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
1-қосымша
Айыртау ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу
схемасы (картасы)
Шартты белгілер:
ауылдық округ шекаралары
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатындағы жайылымдар
елді мекендер жерлері санатындағы жайылымдар
Айыртау ауылдық округі жайылымдарының орналасу схемасына (картасына) қоса берілетін жер учаскелері меншік иелерінің тізімі

Меншік иесінің атауы
Жайылым алаңы
(га)
Түрлері бойынша малдардың саны (бас)
ІҚМ
ҰҚМ
Жылқылар
1
Кабдулла Бигалиевич Ахметжанов
52
0
0
0
2
Ерлан Орынканович Ешенгазинов
0,36
6
0
0
3
Базарбек Темирханович Темирханов
0,20
0
0
0
4
"Бастау 41" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
60,4
60
300
20
5
Турсынхан Усен
26,6
130
300
5
Айыртау ауылдық округі жайылымдарының орналасу схемасына (картасына) қоса берілетін жер учаскелерінің жер пайдаланушыларының тізімі

Жер пайдаланушының атауы
Жайылым алаңы
(га)
Түрлері бойынша малдардың саны (бас)
ІҚМ
ҰҚМ
Жылқылар
1
Владимир Иванович Алексеев
26,4
0
0
0
2
Бакыт Слямгалиевич Асубаев
606,4
222
0
0
3
Умит Асубаева
22,8
0
0
0
4
Қуанышбек Айдарович Аханов
0,9
0
0
0
5
Мухтаркан Ахметов
88,4
0
0
0
6
Алтынбек Шарифович Бегалиев
659,1
0
0
0
7
Шынар Мухаметкалиевна Бейсханова
109,6
0
0
239
8
Ермек Сембаевич Бытиков
1,6
0
0
0
9
Ахунбала Оглы Гасанов Фируз
9,9
0
0
0
10
Нагима Дандыбаева
464,5
0
0
0
11
Манарбек Қылымханұлы Искаков
173
0
0
0
12
Қайырбек Мәулітжанұлы Камалитдинов
45
0
0
0
13
Мухамеджан Рустемович Кантарбаев
41,1
0
0
0
14
Турлыбек Капкенов
289,4
0
0
0
15
Алефтина Ариановна Коноплёва
26,4
36
0
0
16
Ерболат Ескендірұлы Қожаханов
32
0
0
0
17
Закен Ахметовна Михейлис
49,8
7
30
70
18
Есенбек Мубаракович Мурсалимов
304,2
0
0
0
19
Думанай Мұратұлы Мусин
2280,5
0
0
0
20
Серик Ашимжанович Мусин
80
0
0
0
21
Бактыгуль Рамазановна Мусина
329
279
1300
345
22
Серик Темирханович Нурсеилов
436,3
0
0
0
23
Тулеген Камалдинович Оспанов
567,7
0
0
0
24
Корлан Нургожаевна Рагызбаева
277,3
70
150
60
25
Илхамжан Мамадалиевич Режабалиев
68,1
192
0
3
26
Манчук Шарипхановна Сабиева
26
6
0
0
27
Али Сейфулла
464,5
155
178
200
28
Адилжан Жиеншенович Сембаев
88,4
61
0
15
29
Шаймаруан Социянерқызы Сулейменова
254,6
25
70
0
30
Ботагоз Ермеккызы Султамбекова
464,5
0
0
0
31
Базарбек Темирханович Темирханов
158,5
0
0
0
32
"Нұрали-Санияз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1526,7
150
0
0
33
"Уланская МТС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2190,5
0
0
0
34
"Каменское SP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
389,1
0
0
0
35
Ақылбек Кәрімұлы Түсіпов
154
6
23
0
36
Болат Чайхинович Чайхин
12,8
0
0
0
37
Сәбит Қабышұлы Шаихов
104,8
28
14
4
38
Серікбек Сайлаұбеқұлы Шарипханов
51,4
0
14
0
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІҚМ - ірі қара мал;
ҰҚМ- ұсақ қара мал.

5 Жайылым айналымының қолайлы схемалары

Айыртау ауылдық округінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
2-қосымша
Жайылым айналымының қолайлы схемалары
Шартты белгілер:
ауылдық округ шекаралары
күзгі және қысқы уақытта пайдаланылатын жайылымдардың шекаралары
көктемгі және жазғы уақытта пайдаланылатын жайылымдардың шекаралары
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары

6 Жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта

Айыртау ауылдық округінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
3-қосымша
Жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта
Шартты белгілер:
ішкі және сыртқы шекаралардағы маусымдық жайылым учаскелері
елді мекендер жерлері санатындағы жайылымдар
суару

7 Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы

Айыртау ауылдық округінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
4-қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы
Шартты белгілер:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары
суару
жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қолжетімділігі

8 Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы

Айыртау ауылдық округінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
5-қосымша
Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы
Шартты белгілер:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары
суару
жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

9 Жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы

Айыртау ауылдық округінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
6-қосымша
Жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы
Шартты белгілер:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары

10 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте

Айыртау ауылдық округінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
7-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте
Ауылдық округ
Малды жайылымға шығару мерзімі
Малдарды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі
Айыртау
сәуір - мамыр
қыркүйек - қазан

Қолданыстағы