Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Багратионовскому сельскому округу на 2021-2022 годы

Өзге акт · № 425 · қабылданған 28.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-2022-ekb-151075/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Багратионовскому сельскому округу на 2021-2022 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 425 ·28.12.2020
27.12.2021 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Багратионовскому сельскому округу на 2021-2022 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 425 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Багратионовскому сельскому округу на 2021-2022 годы
Атауы (қаз.)
Багратион ауылдық округі бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
425
Қабылданған күні
28.12.2020
Көрсетілген редакция
27.12.2021 151075_561764.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VQ008160
ЭКБ идентификаторы
151075
Редакция идентификаторы
151075_561764
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:27

0 Багратион ауылдық округі бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі

жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Багратион ауылдық округі бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Багратион ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспар

Ұлан аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 425 шешіміне қосымша
Багратион ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған
жоспар
Багратион ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайлымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормасын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ұйымдастыру үшін:
- жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бөлінісінде Багратион ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (1-қосымша);
- жайылым айналымдарының қолайлы схемалары (2-қосымша);
- жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта (3-қосымша);
- жайылым пайдаланушыларының су көздеріне қол жеткізу схемасы (4-қосымша);
- жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы (5-қосымша);
- жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы (6-қосымша);
- ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте (7-қосымша) жасалды.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық тексерудің жай-күйі туралы мәліметтерді, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтерді, ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректерді, олардың иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсетумен, малдардың түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректерді, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының басын қалыптастыру туралы мәліметтерді, мәдени және аридті жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктерін, мал айдауға арналған сервитуттар туралы мәліметтерді және мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректерді ескере отырып қабылданды.
Багратион ауылдық округі Ұлан ауданының солтүстік-батыс бөлігінде таулы-дала, құрғақ дала аймағында орналасқан. Таулы-дала аймағы таулы шалғынды-дала, тау алды далалық орташа ылғалды және далалық орташа құрғақ кіші аймақтарға бөлінеді. Климаты орташа-құрғақ, орташа ыстық, жылдық орташа жауын-шашыны 360-390 мм. Ауа температурасы ең төменгі -45, ең жоғарғы +40. Орташа жылдық температурасы +10. Салыстырмалы ылғалдылығы 68 %. Оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағыттағы желдер басым, орташа жылдық жылдамдығы 2,7 м/сек.
Топырағы қара-қоңыр, оңтүстік таулы қара топырақты, кәдімгі қара топырақты, оңтүстік қара топырақты, сілтісізденген және кәдімгі таулы қара топырақ.
Өсімдік жамылғысы: бетегелі-селеулі-жусанды, бетегелі-селеулі-түрлі шөпті, түрлі шөпті-астық тұқымдастар, жұмсақ сабақты және бұталы-шыңды-астық тұқымдастар.
Тұрақты қар жамылғысы қараша айының ортасында орнайды, сәуір айының бірінші онкүндігінде кетеді. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 130-150 күн.
Гидрографиясы Ертіс өзенінің бассейні болып табылады. Ең ірі өзендер: Қызылсу, Қарасу, Құрпа және көптеген өзендер мен бұлақтар.
Әкімшілік орталығы Привольное ауылы аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінен солтүстік-батысқа қарай 70,0 км жерде орналасқан.
Багратион ауылдық округі 43961,0 гектар алаңды алып жатыр, оның ішінде: егістік – 19604,2 гектар, жайылым – 20468,6 гектар, шабындық – 1963,2 гектар.
Жер санаттары бойынша:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер- 39226,6 гектар;
елді мекендердің жерлері- 4598 гектар;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер – 8,7 гектар;
босалқы жерлер - 4801 гектардан құралады.
2020 жылдың 1 қаңтарына Багратион ауылдық округінде ауыл шаруашылығы малдарының саны: ірі қара мал 4549 бас, оның ішінде аналық мал 1351 бас, ұсақ қара мал 3159 бас, жылқы 1032 бас (№1 кесте).
№ 1 кесте

Ауыл­дық окру­гі
ха­лық
ш/қ және ЖШС
Бар­лы­ғы:
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
бар­лы­ғы
оның ішін­де са­уы­ла­тын­дар
бар­лы­ғы
оның ішін­де са­уы­ла­тын­дар
бар­лы­ғы
оның ішін­де са­уы­ла­тын­дар
1
Баг­ра­ти­он
1805
667
2951
532
2744
684
208
500
4549
1351
3159
1032
Округте ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарына ветеринарлық қызмет көрсету үшін 1 – ветеринарлық пункт, 2 – мал қорымы ұйымдастырылған.
Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Багратион ауылдық округі бойынша 20468,6 гектар жайылым жерлер бар, елді мекендер шегінде 3807 гектар жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, Багратион ауылдық округі жергілікті халықтың мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің 3807 гектар бар жайылымдық алқаптарында қажеттілігі 1195,5 гектар құрайды (№ 2 кесте), оны малдарды қорада ұстау есебінен толықтыру жоспарлануда.
№ 2 кесте

Ауыл­дық окру­гі
Жай­ы­лым ала­ңы, (га)
Са­уын сиыр­лар­дың бар бо­луы (бас)
Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас, (га)
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
Же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, (га)
1
Баг­ра­ти­он
3807
667
7,5
5002,5
1195,5
Багратион ауылдық округінің жергілікті тұрғындарының малын жаю үшін 190,0 гектар берілді.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық малдарын жаю бойынша 17749,5 гектар көлемінде жайылымдық алқап қажеттілігі бар, ІҚМ басына түсетін жүктеме нормасы – 7,5 га/бас, ұсақ мал - 1,5 га/бас, жылқы - 9 га/бас (№ 3 кесте).
№ 3 кесте

Ауыл­дық окру­гі
ха­лық
Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га)
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
1
Баг­ра­ти­он
1138
2951
532
7,5
1,5
9
кестенің жалғасы
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
Мал жаю үшін бе­ріл­ді
Же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, (га)
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
Бар­лы­ғы (га)
8535
4426,5
4788
17749,5
190,9
17558,6
17558,6 гектар мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қалыптасқан қажеттілігін 05-079-041 есептік кварталының шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы малдарын жаю есебінен толықтыру қажет.
Багратион ауылдық округінің ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 2744 бас, ұсақ қара мал 208 бас, жылқы 500 басты құрайды (№ 4 кесте).
№ 4 кесте

Ауыл­дық округ
Мал­дың қол­да ба­ры
түр­ле­рі бой­ын­ша, (бас)
Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га)
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
Бар­лы­ғы (га)
1
Баг­ра­ти­он
2744
208
500
7,5
1,5
9
20580
312
4500
25392
ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым алаңы 16595,2 гектар құрайды. ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым алқаптарының 8796,8 гектар көлемінде қалыптасқан қажеттілігін босалқы жерлер мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының жем-шөп базасы есебінен толықтыру қажет.

4 Багратион ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

Багратион ауылдық округінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
1-қосымша
Багратион ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу
схемасы (картасы)
Шартты белгілер:
ауылдық округ шекаралары
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатындағы жайылымдар
елді мекендер жерлері санатындағы жайылымдар
Багратион ауылдық округі жайылымдарының орналасу схемасына (картасына) қоса берілетін жер учаскелерінің жер пайдаланушыларының тізімі

Жер пайдаланушының атауы
Жайылым алаңы
(га)
Түрлері бойынша малдардың саны (бас)
ІҚМ
ҰҚМ
Жылқылар
1
Павел Валерьевич Белан
174,4
7
0
0
2
Александр Васильевич Воропай
47,9
0
311
0
3
Василий Григорьевич Воропай
823
2593
0
95
4
Олег Викторович Дорофеев
260
0
0
0
5
Мария Андреевна Дорошенко
158
0
0
0
6
Канапья Жадринов
14,3
1
0
0
7
Леонид Степанович Захарченко
177,3
2
40
0
8
Болат Курмангалиұлы Захарьянов
4,1
0
0
0
9
Султангаза Жумагазинович Захарьянов
154,1
3
15
0
10
Жанат Кабдыкаримович Карсултанов
306,3
135
272
182
11
Александр Сергеевич Касьянов
73,1
0
0
0
12
Талғат Оралгазинович Кизатов
92
0
0
0
13
Малик Сеилгазинович Кудайбергенов
798
0
0
0
14
Макаш Кундубаев
388,7
78
28
24
15
Кумаржан Токтамысович Мажрабаев
43,7
21
0
2
16
Валерий Григорьевич Майборода
158
0
0
0
17
Турлыбек Сергалиевич Нурлыбаев
356,9
0
6
0
18
Каиргазы Мамбаевич Онгарбаев
511,4
0
0
0
19
Александр Михайлович Рыбалко
92
0
0
0
20
Андрей Анатольевич Сидорин
73,1
3
0
0
21
"Багратион ВАВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1249,3
0
0
0
22
"КХ Багратион ВВГ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
11675,4
0
0
0
23
"Қаба ұлан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2014,5
0
0
0
24
Арман Ибрагимович Тусиев
14,3
4
0
4
25
Григорий Андреевич Шелудько
17,5
0
0
0
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІҚМ - ірі қара мал;
ҰҚМ- ұсақ қара мал.

5 Жайылым айналымының қолайлы схемалары

Багратион ауылдық округінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
2-қосымша
Жайылым айналымының қолайлы схемалары
Шартты белгілер:
ауылдық округ шекаралары
күзгі және қысқы уақытта пайдаланылатын жайылымдардың шекаралары
көктемгі және жазғы уақытта пайдаланылатын жайылымдардың шекаралары
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары

6 Жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта

Багратион ауылдық округінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
3-қосымша
Жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта
Шартты белгілер:
ішкі және сыртқы шекаралардағы маусымдық жайылым учаскелері
елді мекендер жерлері санатындағы жайылымдар
суару

7 Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы

Багратион ауылдық округінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
4-қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы
Шартты белгілер:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары
суару
жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қолжетімділігі

8 Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы

Багратион ауылдық округінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
5-қосымша
Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы
Шартты белгілер:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары
суару
жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

9 Жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы

Багратион ауылдық округінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
6-қосымша
Жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы
Шартты белгілер:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары

10 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте

Багратион ауылдық округінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
7-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте
Ауылдық округ
Малды жайылымға шығару мерзімі
Малдарды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі
Багратион
сәуір - мамыр
қыркүйек - қазан

Қолданыстағы