Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по поселку Касыма Кайсенова на 2021-2022 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по поселку Касыма Кайсенова на 2021-2022 годы
- Атауы (қаз.)
- Қасым Қайсенов кенті бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 428
- Қабылданған күні
- 28.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2021 151079_559104.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VQ008158
- ЭКБ идентификаторы
- 151079
- Редакция идентификаторы
- 151079_559104
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:27
0 Қасым Қайсенов кенті бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қасым Қайсенов кенті бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қасым Қайсенов кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспар
Ұлан аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 429 шешіміне қосымша
Қасым Қайсенов кенті бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған
жоспар
Қасым Қайсенов кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайлымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормасын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ұйымдастыру үшін:
- жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бөлінісінде Қасым Қайсенов кенті аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (1-қосымша);
- жайылым айналымдарының қолайлы схемалары (2-қосымша);
- жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта (3-қосымша);
- жайылым пайдаланушыларының су көздеріне қол жеткізу схемасы (4-қосымша);
- жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы (5-қосымша);
- жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы (6-қосымша);
- ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте (7-қосымша) жасалды.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық тексерудің жай-күйі туралы мәліметтерді, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтерді, ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректерді, олардың иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсетумен, малдардың түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректерді, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының басын қалыптастыру туралы мәліметтерді, мәдени және аридті жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктерін, мал айдауға арналған сервитуттар туралы мәліметтерді және мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректерді ескере отырып қабылданды.
Қасым Қайсенов кенті Ұлан ауданының орталық бөлігінде таулы-дала, құрғақ дала аймағында орналасқан. Таулы-дала аймағы таулы шалғынды-дала, тау алды далалық орташа ылғалды және далалық орташа құрғақ кіші аймақтарға бөлінеді. Климаты орташа-құрғақ, орташа ыстық, жылдық орташа жауын-шашыны 360-390 мм. Ауа температурасы ең төменгі - 45, ең жоғарғы +40. Жылдық орташа температурасы +10. Салыстырмалы ылғалдылығы 68 %. Оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағыттағы желдер басым, орташа жылдық жылдамдығы 2,7 м/сек.
Топырағы қара-қоңыр, оңтүстік таулы қара топырақ, кәдімгі қара топырақ, оңтүстік қара топырақ, сілтісізделген және кәдімгі таулы қара топырақ.
Өсімдік жамылғысы: бетегелі-селеулі-жусанды, бетегелі-селеулі-түрлі шөпті, түрлі шөпті-астық тұқымдастар, жұмсақ сабақты және бұталы-шыңды-астық тұқымдастар.
Тұрақты қар жамылғысы қараша айының ортасында орнайды, сәуір айының бірінші онкүндігінде кетеді. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 130-150 күн.
Гидрографиясы Ертіс өзенінің бассейні болып табылады. Ең ірі өзендер: Қараөзек және көптеген басқа өзендер мен бұлақтар.
Қасым Қайсенов кенті Ұлан ауданының орталығы болып табылады.
Қасым Қайсенов кенті 1934 гектар алаңды алып жатыр, оның ішінде: егістік – 74,6 гектар, жайылым – 815 гектар, шабындық – 54 гектар.
Жер санаттары бойынша:
елді мекендердің жерлері - 876,5 гектар;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер – 1056,8 гектардан құралады.
2020 жылдың 1 қаңтарына Қасым Қайсенов кентінде ауыл шаруашылығы малдарының саны: ірі қара мал 392 бас, оның ішінде аналық мал 141 бас, ұсақ қара мал 352 бас, жылқы 147 бас (№1 кесте).
№ 1 кесте
№
Ауылдық округі
халық
ш/қ және ЖШС
Барлығы:
ІҚМ
ҰҚМ
Жылқылар
ІҚМ
ҰҚМ
Жылқылар
ІҚМ
ҰҚМ
Жылқылар
барлығы
оның ішінде сауылатындар
барлығы
оның ішінде сауылатындар
барлығы
оның ішінде сауылатындар
1
Қасым Қайсенов к.
316
141
242
119
76
0
110
28
392
141
352
147
Кентінде ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарына ветеринарлық қызмет көрсету үшін 0 – ветеринарлық пункт, 0 – мал қорымы ұйымдастырылған.
Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Қасым Қайсенов кенті бойынша 815 гектар жайылым жерлер бар, елді мекендер шегінде 334,5 гектар жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, Қасым Қайсенов кенті жергілікті халықтың мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің 334,5 гектар бар жайылымдық алқаптарында қажеттілігі 723 гектар құрайды (№ 2 кесте), оны малдарды қорада ұстау есебінен толықтыру жоспарлануда.
№ 2 кесте
№
Ауылдық округі
Жайылым алаңы, (га)
Сауын сиырлардың бар болуы (бас.)
Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас., (га)
Жайылымдардың қажеттілігі, (га)
Жетіспеушілігі, (га)
1
Қасым Қайсенов к.
334,5
141
7,5
1057,5
723
Қасым Қайсенов кентінің жергілікті тұрғындарының малын жаю үшін 115 гектар берілді.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық малдарын жаю бойынша 2746,5 гектар көлемінде жайылымдық алқап қажеттілігі бар, ІҚМ басына түсетін жүктеме нормасы – 7,5 га/бас., ұсақ мал - 1,5 га/бас., жылқы - 9 га/бас (№ 3 кесте).
№ 3 кесте
№
Ауылдық округі
халық
Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас., (га)
Жайылымдардың қажеттілігі, (га)
Мал жаю үшін берілді
Жетіспеушілігі, (га)
ІҚМ
ҰҚМ
Жылқылар
ІҚМ
ҰҚМ
Жылқылар
ІҚМ
ҰҚМ
Жылқылар
Барлығы (га)
1
Қасым Қайсенов к.
175
242
119
7,5
1,5
9
1312,5
363
1071
2746,5
115
2631,5
2631,5 гектар мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қалыптасқан қажеттілігін 05-079-037 есептік кварталының шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы малдарын жаю есебінен толықтыру қажет.
Қасым Қайсенов кентінің ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 76 бас, ұсақ қара мал 110 бас, жылқы 28 басты құрайды (№ 4 кесте).
№ 4 кесте
№
Ауылдық округ
Малдың қолда бары
түрлері бойынша, (бас)
Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас., (га)
Жайылымдардың қажеттілігі, (га)
ІҚМ
ҰҚМ
Жылқылар
ІҚМ
ҰҚМ
Жылқылар
ІҚМ
ҰҚМ
Жылқылар
Барлығы (га)
1
Қасым Қайсенов к.
76
110
28
7,5
1,5
9
570
165
252
987
ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының 987 гектар мөлшерінде қалыптасқан жайылым алқаптарының қажеттілігін 05-079-037 есептік кварталының жерлері есебінен толықтыру қажет.
4 Қасым Қайсенов кенті аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Қасым Қайсенов кентінің
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
1-қосымша
Қасым Қайсенов кенті аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу
схемасы (картасы)
Шартты белгілер:
кенттің шекаралары
елді мекендер жерлері санатындағы жайылымдар
5 Жайылым айналымының қолайлы схемалары
Қасым Қайсенов кентінің
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
2-қосымша
Жайылым айналымының қолайлы схемалары
Шартты белгілер:
кенттің шекаралары
күзгі және қысқы уақытта пайдаланылатын жайылымдардың шекаралары
көктемгі және жазғы уақытта пайдаланылатын жайылымдардың шекаралары
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары
6 Жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта
Қасым Қайсенов кентінің
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
3-қосымша
Жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта
Шартты белгілер:
ішкі және сыртқы шекаралардағы маусымдық жайылым учаскелері
елді мекендер жерлері санатындағы жайылымдар
суару
7 Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы
Қасым Қайсенов кентінің
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
4-қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы
Шартты белгілер:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары
суару
жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қолжетімділігі
8 Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы
Қасым Қайсенов кентінің
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
5-қосымша
Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы
Шартты белгілер:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары
суару
жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
9 Жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы
Қасым Қайсенов кентінің
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
6-қосымша
Жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы
Шартты белгілер:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары
10 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте
Қасым Қайсенов кентінде
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
7-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте
Ауылдық округ
Малды жайылымға шығару мерзімі
Малдарды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі
Қасым Қайсенов кенті
сәуір - мамыр
қыркүйек - қазан