Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по поселку Асубулак на 2021-2022 годы

Өзге акт · № 424 · қабылданған 28.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-2022-ekb-152779/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по поселку Асубулак на 2021-2022 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 424 ·28.12.2020
27.12.2021 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по поселку Асубулак на 2021-2022 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 424 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по поселку Асубулак на 2021-2022 годы
Атауы (қаз.)
Асубұлақ кенті бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
424
Қабылданған күні
28.12.2020
Көрсетілген редакция
27.12.2021 152779_561447.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VQ008161
ЭКБ идентификаторы
152779
Редакция идентификаторы
152779_561447
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:27

0 Асубұлақ кенті бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі

жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Асубұлақ кенті бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Асубұлақ кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспар

Ұлан аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 424 шешіміне қосымша
Асубұлақ кенті бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған
жоспар
Асубұлақ кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайлымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормасын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ұйымдастыру үшін:
- жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бөлінісінде Асубұлақ кенті аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (1-қосымша);
- жайылым айналымдарының қолайлы схемалары (2-қосымша);
- жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта (3-қосымша);
- жайылым пайдаланушыларының су көздеріне қол жеткізу схемасы (4-қосымша);
- жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы (5-қосымша);
- жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы (6-қосымша);
- ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте (7-қосымша) жасалды.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық тексерудің жай-күйі туралы мәліметтерді, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтерді, ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректерді, олардың иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсетумен, малдардың түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректерді, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының басын қалыптастыру туралы мәліметтерді, мәдени және аридті жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктерін, мал айдауға арналған сервитуттар туралы мәліметтерді және мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректерді ескере отырып қабылданды.
Асубұлақ кенті Ұлан ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінде таулы-дала, құрғақ дала аймағында орналасқан. Таулы-дала аймағы таулы шалғынды-дала, тау алды далалық орташа ылғалды және далалық орташа құрғақ кіші аймақтарға бөлінеді. Климаты орташа-құрғақ, орташа ыстық, жылдық орташа жауын-шашыны 360-390 мм. Ауа температурасы ең төменгі - 45, ең жоғарғы +40. Жылдық орташа температурасы +10. Салыстырмалы ылғалдылығы 68 %. Оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағыттағы желдер басым, орташа жылдық жылдамдығы 2,7 м/сек.
Топырағы қара-қоңыр, оңтүстік таулы қара топырақ, кәдімгі қара топырақ, оңтүстік қара топырақ, сілтісізделген және кәдімгі таулы қара топырақ.
Өсімдік жамылғысы: бетегелі-селеулі-жусанды, бетегелі-селеулі-түрлі шөпті, түрлі шөпті-астық тұқымдастар, жұмсақ сабақты және бұталы-шыңды-астық тұқымдастар.
Тұрақты қар жамылғысы қараша айының ортасында орнайды, сәуір айының бірінші онкүндігінде кетеді. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 130-150 күн.
Гидрографиясы Ертіс өзенінің бассейні болып табылады. Ең ірі өзендер: Тайынты және көптеген басқа өзендер мен бұлақтар.
Асубұлақ кенті аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 52,5 км жерде орналасқан.
Асубұлақ кенті 6181,2 гектар алаңды алып жатыр, оның ішінде: егістік – 105,2 гектар, жайылым – 5363 гектар, шабындық – 60 гектар.
2020 жылдың 1 қаңтарына Асубұлақ кентінде ауыл шаруашылығы малдарының саны: ірі қара мал 1465 бас, оның ішінде аналық мал 486 бас, ұсақ қара мал 1225 бас, жылқы 445 бас (№1 кесте).
№ 1 кесте

Ауыл­дық окру­гі
ха­лық
ш/қ және ЖШС
Бар­лы­ғы:
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
бар­лы­ғы
оның ішін­де са­уы­ла­тын­дар
бар­лы­ғы
оның ішін­де са­уы­ла­тын­дар
бар­лы­ғы
оның ішін­де са­уы­ла­тын­дар
1
Асу-
бұ­
лақ к.
1465
486
1225
445
0
0
0
0
1465
486
1225
445
Округте ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарына ветеринарлық қызмет көрсету үшін 1 – ветеринарлық пункт, 1 – мал қорымы ұйымдастырылған.
Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Асубұлақ кенті бойынша елді мекендер шегінде 5363 гектар жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, Асубұлақ кенті жергілікті халықтың мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің 5363 гектар бар жайылымдық алқаптарында қажеттілігі 1718 гектар құрайды (№ 2 кесте), оны малдарды қорада ұстау есебінен толықтыру жоспарлануда.
№ 2 кесте

Ауыл­дық окру­гі
Жай­ы­лым ала­ңы, (га)
Са­уын сиыр­лар­дың бар бо­луы (бас.)
Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га)
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
Же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, (га)
1
Асубұ­лақ к.
5363
486
7,5
3645
1718
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық малдарын жаю бойынша 13185 гектар көлемінде жайылымдық алқап қажеттілігі бар, ІҚМ басына түсетін жүктеме нормасы – 7,5 га/бас., ұсақ мал - 1,5 га/бас., жылқы - 9 га/бас (№ 3 кесте).
№ 3 кесте

Ауыл­дық окру­гі
ха­лық
Жай­ы­лым­ға қа­жет­ті­лік нор­ма­сы 1 бас., (га)
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
1
Асубұ­лақ к.
979
1225
445
7,5
1,5
9
кестенің жалғасы
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі, (га)
Мал жаю үшін бе­ріл­ді
Же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, (га)
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
Бар­лы­ғы (га)
7342,5
1837,5
4005
13185
0
13185
13185 гектар мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қалыптасқан қажеттілігін 05-079-037 есептік кварталының шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы малдарын жаю есебінен толықтыру қажет.

4 Асубұлақ кенті аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

Асубұлақ кентінің
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
1-қосымша
Асубұлақ кенті аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу
схемасы (картасы)
Шартты белгілер:
кенттің шекаралары
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатындағы жайылымдар
елді мекендер жерлері санатындағы жайылымдар

5 Жайылым айналымының қолайлы схемалары

Асубұлақ кентінің
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
2-қосымша
Жайылым айналымының қолайлы схемалары
Шартты белгілер:
кенттің шекаралары
күзгі және қысқы уақытта пайдаланылатын жайылымдардың шекаралары
көктемгі және жазғы уақытта пайдаланылатын жайылымдардың шекаралары
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары

6 Жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта

Асубұлақ кентінің
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
3-қосымша
Жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта
Шартты белгілер:
ішкі және сыртқы шекаралардағы маусымдық жайылым учаскелері
елді мекендер жерлері санатындағы жайылымдар
суару

7 Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы

Асубұлақ кентінің
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
4-қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы
Шартты белгілер:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары
суару
жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қолжетімділігі

8 Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы

Асубұлақ кентінің
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
5-қосымша
Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы
Шартты белгілер:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары
суару
жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

9 Жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы

Асубұлақ кентінің
2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
6-қосымша
Жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы
Шартты белгілер:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары
елді мекендер жерлері санатының жайылымдары

10 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте

Асубұлақ кентінде
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
7-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте
Ауылдық округ
Малды жайылымға шығару мерзімі
Малдарды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі
Асубұлақ кенті
сәуір - мамыр
қыркүйек - қазан

Қолданыстағы