Об определении начала, продолжительности и каникулярных периодов 2021 – 2022 учебного года в организациях среднего образования
Қолданыста
Бұйрық
·№ 368
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении начала, продолжительности и каникулярных периодов 2021 – 2022 учебного года в организациях среднего образования
- Атауы (қаз.)
- Орта білім беру ұйымдарында 2021 – 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 368
- Қабылданған күні
- 27.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2022 157355_557830.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100023742
- ЭКБ идентификаторы
- 157355
- Редакция идентификаторы
- 157355_557830
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:22
0 «Орта білім беру ұйымдарында 2021 – 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1 1) 2021 - 2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек;
2 2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы;
3 3) оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:
1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында), қысқы – 18 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 16 қаңтар аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында);
1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).