Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Мартукскому району на 2021-2022 годы

Өзге акт · № 47 · қабылданған 26.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-2022-ekb-157830/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Мартукскому району на 2021-2022 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 47 ·26.07.2021
26.07.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Мартукскому району на 2021-2022 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 47 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Мартукскому району на 2021-2022 годы
Атауы (қаз.)
Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
47
Қабылданған күні
26.07.2021
Көрсетілген редакция
26.07.2021 157830_534583.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21CH00047M
ЭКБ идентификаторы
157830
Редакция идентификаторы
157830_534583
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:24

0 Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Мәртөк аудандық мәслихатының

2021 жылғы 26 шілдедегі № 47
шешімімен бекітілген
Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Осы, Мәртөк ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес және Мәртөк ауданында жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында әзірленді.
Жоспар мазмұны:

1 1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Мәртөк ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы) осы жоспардың 1 қосымшасына сәйкес;

2 2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары осы жоспардың 2 қосымшасына сәйкес;

3 3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы осы жоспардың 3 қосымшасына сәйкес;

4 4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы осы жоспардың 4 қосымшасына сәйкес;

5 5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы осы жоспардың 5 қосымшасына сәйкес;

6 6) ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы осы жоспардың 6 қосымшасына сәйкес;

7 7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі осы жоспардың 7 қосымшасына сәйкес;

8 8) Мәртөк ауданы аумағында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралар жоспары осы жоспардың 8 қосымшасына сәйкес.

Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Мәртөк ауданда 13 ауылдық округтер, 32 ауылдық елді-мекендер орналасқан.
Мәртөк ауданының жалпы көлемі 660532 гектар. Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін аудан бойынша барлығы 249792 гектар жайылымдық алқаптары бар. Елді-мекен шегіндегі жайылымдары 24972 гектар жайылым саналады, қордағы жерлерде 96484 гектар жайылымдық алқаптар бар.
Мәртөк ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
1 қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Мәртөк ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Мәртөк ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
2 қосымша
Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары
Мәртөк ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
3 қосымша
Жайылымдардың, соның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым обьектілері белгіленген карта
Мәртөк ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
4 қосымша
Жайылым пайдалнушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы
Мәртөк ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
5 қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Мәртөк ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
6 қосымша
Ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Мәртөк ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
7 қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Ауыл­дық округ ата­уы
Шал­ғай жай­ы­лым­ға
мал­дар­дың ай­дап шы­ға­ры­лу мер­зі­мі
Шал­ғай жай­ы­лым­нан мал­дар­дың қай­та­ры­лу мер­зі­мі
1
Ақ­қу­дық ауыл­дық окру­гі
Сәу­ір­дің екін­ші жар­ты­сы
Қа­зан екін­ші он­күн­ді­гі
Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы топырақтық-климаттық аймақ зонасына байланысты, ауыл шаруашылығы жануарлар түріне, сондай-ақ жайылым өнімділігіне байланысты біркелкі құрғақ - селеулі - бетегелі - жусанды далада 180-200 күнді құрайды.
Бұл жағдайда жайылымның ұзақтығы мүйізді ірі қара, ұзақ мүйізді малдар, жылқы және түйелер үшін максималды қар жамылғысың қалыңдыңымен тереңдігіне және басқада факторларға байланысты.
2
Бай­нассай ауыл­дық окру­гі
Сәу­ір­дің бі­рін­ші жар­ты­сы
Қа­зан екін­ші он­күн­ді­гі
3
Род­ни­ков ауыл­дық окру­гі
Сәу­ір­дің екін­ші жар­ты­сы
Қа­зан екін­ші он­күн­ді­гі
4
Тәңір­бер­ген ауыл­дық окру­гі
Сәу­ір­дің бі­рін­ші жар­ты­сы
Қа­зан екін­ші он­күн­ді­гі
5
Құр­ман­сай ауыл­дық окру­гі
Сәу­ір­дің бі­рін­ші жар­ты­сы
Қа­зан екін­ші он­күн­ді­гі
6
Қа­ра­то­ғай ауыл­дық окру­гі
Сәу­ір­дің бі­рін­ші жар­ты­сы
Қа­зан екін­ші он­күн­ді­гі
7
Бай­то­ры­сай ауыл­дық окру­гі
Сәу­ір­дің екін­ші жар­ты­сы
Қа­зан екін­ші он­күн­ді­гі
8
Қа­ра­шай ауыл­дық окру­гі
Сәу­ір­дің екін­ші жар­ты­сы
Қа­зан екін­ші он­күн­ді­гі
9
Қы­зы­л­жар ауыл­дық окру­гі
Сәу­ір­дің екін­ші жар­ты­сы
Қа­зан екін­ші он­күн­ді­гі
10
Жай­сан ауыл­дық окру­гі
Сәу­ір­дің бі­рін­ші жар­ты­сы
Қа­зан екін­ші он­күн­ді­гі
11
Са­ры­жар ауыл­дық окру­гі
Сәу­ір­дің бі­рін­ші жар­ты­сы
Қа­зан екін­ші он­күн­ді­гі
12
Ха­зі­рет ауыл­дық окру­гі
Сәу­ір­дің екін­ші жар­ты­сы
Қа­зан екін­ші он­күн­ді­гі
13
Мәр­төк ауыл­дық окру­гі
Сәу­ір­дің екін­ші жар­ты­сы
Қа­зан екін­ші он­күн­ді­гі
Мәртөк ауданы бойынша
2021-2022 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
8 қосымша
Мәртөк ауданы аумағында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралар жоспары
Іс-шаралар
Кезеңдер
Нәтиже
Деңгей
іске асыру
Қы­сқа мер­зім­ді (бір жы­л­ға дей­ін)
Ұзақ мер­зім­ді (екі жы­л­ға дей­ін)
1. Мәліметтерді жинау, талдау және мониторинг
1.1. Жай­ы­лым­дар­ға ке­шен­ді ғы­лы­ми зерт­теу жүр­гі­зу (гео­бо­та­ни­ка­лық, то­пы­рақ­та­ну, су ре­жи­мі, мал­дың жүк­те­ме­сі):
+
Жай­ы­лым­дар­ды ұзақ мер­зім­ді және ұтым­ды пай­да­ла­ну­ды да­мы­ту­дың негі­зі ре­т­ін­де қыз­мет ете­ді
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет есе­бі­нен
1.1.1. Мәр­төк ауда­нын­да­ғы ел­ді ме­кен­дер­де­гі жай­ы­лым­дар 122,1 мың гек­тар ал­қап­та;
+
Жай­ы­лым­дар­ды гео­бо­та­ни­ка­лық зерт­теп-қа­ра­удың жай-күйі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет есе­бі­нен
1.1.2. Мәр­төк ауда­нын­да­ғы 48,4 мың гек­тар алаң­да­ғы босал­қы жер­лер­ден жай­ы­лым­дар;
+
Жай­ы­лым­дар­ды гео­бо­та­ни­ка­лық зерт­теп-қа­ра­удың жай-күйі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет есе­бі­нен
1.1.3. Мәр­төк ауда­нын­да­ғы ор­ман қо­ры­нан 0,35 мың гек­тар ал­қап­та­ғы жай­ы­лым­дар;
+
Жай­ы­лым­дар­ды гео­бо­та­ни­ка­лық зерт­теп-қа­ра­удың жай-күйі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет есе­бі­нен
1.1.4. Мәр­төк ауда­нын­да­ғы жер­ді пай­да­ла­ну­да­ғы жай­ы­лым­дар 252,9 мың гек­тар.
+
Жай­ы­лым­дар­ды гео­бо­та­ни­ка­лық зерт­теп-қа­ра­удың жай-күйі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
АШТӨ мен­шік­ті қа­ра­жат­та­ры
1.2. Жай­ы­лым­дар­дың оты-суы­ның мол­ды­ғын кар­та­ға тү­сі­ру және оты-суы­ның мол­ды­ғын ес­ке­ре оты­рып, жай­ы­лым­дық жер­лер­ді қай­та бө­лу.
+
Кар­та­ға тү­сі­ру негіз­де­рі
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
1.3. Әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тің ау­ма­ғын­да­ғы жай­ы­лым­дар­дың ор­на­ла­су кар­та­сын жер са­нат­та­ры, жер мен­шік ие­ле­рі мен жер пай­да­ла­ну­шы­лар кон­текст­ін­де құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тар негі­зін­де құ­ру.
+
Кар­та­лар – жай­ы­лым­дар­ды бас­қа­ру­дың негі­зі бо­лып та­бы­ла­ды
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
1.4. Жай­ы­лым­дар­дың мо­ни­то­рин­гін жүр­гі­зу, әр түр­лі жай­ы­лым­дар­дың өнім­ді­лі­гін зерт­теу және олар­дың сый­ым­ды­лы­ғын анық­тау.
+
Жай­ы­лым­дар­ды пай­да­ла­ну жа­у­ап­кер­ші­лі­гін және мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету
ЖАО, ЖҚБ
1.5. Ел­ді ме­кен­дер ше­ка­ра­сын­да­ғы жай­ы­лым­дар­дың жал­пы ала­ңы­на тү­се­тін жүк­те­ме­нің шек­ті рұқ­сат еті­ле­тін нор­ма­сын сақ­тау.
+
Жай­ы­лым­дар­ды ұтым­ды пай­да­ла­ну
ЖАО (ауыл­дық округ әкім­де­рі)
1.6. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның са­ны ту­ра­лы олар­дың ие­ле­рін көр­се­те оты­рып ақ­па­рат бе­ру.
+
Әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тер бой­ын­ша ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын есеп­ке алу
Ауыл­дық округ әкім­де­рі
1.7. Ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­де тұр­ғын­дар мен ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры бар үй ша­ру­а­шы­лық­та­ры­ның са­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер бе­ру.
+
Әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тер бой­ын­ша ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын есеп­ке алу
Ауыл­дық округ әкім­де­рі
1.8. Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі мен жы­ны­стық және жа­стық топ­та­ры бой­ын­ша қа­лып­тас­қан та­бын, отар, үй­ір са­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер бе­ру.
+
Әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тер бой­ын­ша ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын есеп­ке алу
Ауыл­дық округ әкім­де­рі, АШБ
1.9. Ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­де ауы­л­ша­ру­а­шы­лық жа­ну­ар­ла­рын жаю жос­па­рын ұсы­ну.
+
Жер пай­да­ла­ну­шы­лар­дың жай­ы­лым­дар­ды ұтым­ды пай­да­ла­нуын қам­та­ма­сыз ету
Ауыл­дық округ әкім­де­рі
1.10. Ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­тар­лық ме­ке­ме­лер ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру.
+
Ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­тар­лық құ­рал­дар­мен қам­та­ма­сыз ету
Ауыл­дық округ әкім­де­рі
1.11. Алы­с­та­ғы жай­ы­лым­дар­да жай­ы­лым­ға шы­ға­тын ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның ма­лы­ның құ­ры­луы ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру.
+
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның есе­бі
АШБ, ЖҚБ, АШТӨ
1.12. Мал ай­да­у­ға ар­нал­ған серви­тут­тар ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру.
+
Алы­с­та­ғы жай­ы­лым­дар­ға ке­дер­гі­сіз шы­ғу
ЖҚБ, АШБ, АШТӨ
2. Ақпараттық және білім беру әлеуетін күшейту
2.1. Жай­ы­лым­дар­ды ұтым­ды пай­да­ла­ну ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша жай­ы­лым пай­да­ла­ну­шы­лар ара­сын­да тү­сін­ді­ру жұ­мыста­рын жүр­гі­зу.
+
Жер пай­да­ла­ну­шы­лар­дың жай­ы­лым­дар­ды ұтым­ды пай­да­ла­нуын қам­та­ма­сыз ету
ЖАО, ЖҚБ
2.2. Бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да (бұ­дан әрі – БАҚ) се­ми­нар-ке­ңе­стер, жа­ри­я­ла­ным­дар мен ма­ман­дар­дың сөз сөй­ле­уін өт­кі­зу ар­қы­лы жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дың жай­ы­лым­ды пай­да­ла­ну ту­ра­лы ха­бар­дар­лы­ғын арт­ты­ру.
+
Ха­лық­тың ха­бар­дар­лы­ғын арт­ты­ру
ЖАО, ЖҚБ, АШБ
2.3. Жай­ы­лым­дар­ды бас­қа­ру және пай­да­ла­ну жос­па­рын аудан­дық сайт­қа ор­на­ла­сты­ру.
+
Мөл­дір қол же­тім­ді­лік
ЖАО
2.4. Аудан­дық БАҚ -та жай­ы­лым­дар­ды бас­қа­ру және пай­да­ла­ну жос­па­ры­ның орын­да­лу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы жыл сай­ын­ғы есеп­тер­ді жа­ри­я­лау.
+
Жос­пар­дың орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету
ЖАО
3. Жайылымдық инфрақұрылымды дамыту және технологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру
3.1. Жай­ы­лым­дар­ды тү­ген­деу.
+
Жай­ы­лым­дық ал­қап­тар­ды, оның ішін­де та­би­ғи ша­бын­дық­тар­ды нақ­ты есеп­ке алу
ЖАО, ЖҚБ, АШБ
3.2. Жай­ы­лым­дар­дың ауы­спа­лы сыз­ба­ла­рын құ­ру.
+
Жай­ы­лым ай­на­лым­да­ры­ның есе­бі
ЖАО, ЖҚБ, АШБ
3.3. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өн­ді­рі­стік ко­опе­ра­тив­те­рін­де ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын өсі­ру бой­ын­ша асыл тұқым­ды ша­ру­а­шы­лық­тар­ды ұй­ым­да­сты­ру.
+
Жай­ы­лым­дар­ды пай­да­ла­ну мен олар­ды су­а­ру­ды жақ­сар­ту­ға ық­пал ете­ді
ЖАО, АШБ
3.4. Жай­ы­лым­дар­ды гео­бо­та­ни­ка­лық зерт­теу негі­зін­де жай­ы­лым­дар­дың ауы­спа­лы схе­ма­сын әзір­леу және бе­кі­ту.
+
Жай­ы­лым­дар­ды пай­да­ла­ну­ды бас­қа­ру және жақ­сар­ту
ЖАО, АШБ, ЖҚБ
3.5. Жай­ы­лым­дар­ды бас­қа­ру және пай­да­ла­ну Жос­па­ры­ның орын­да­лу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы жыл­дық есеп.
+
Жос­пар­дың орын­да­лу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы есеп
ЖАО, АШБ, ЖҚБ
3.6. Өңір­дің жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­га­ны­на бұ­зы­л­ған және тоз­ған жай­ы­лым­дар ту­ра­лы ха­бар­лау.
+
Жай­ы­лым­дар­дың са­па­лық си­патта­ма­ла­рын одан әрі жақ­сар­ту мақ­са­тын­да
ЖАО
Аббревиатураның шешуі:
ЖАО – Жергілікті атқарушы орган;
АШБ – Ауыл шаруашылығы бөлімі;
ЖҚБ – Жер қатынастары бөлімі;
АШТӨ – Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері.

Қолданыстағы