Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, лиц, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Буландынскому району на 2021 год

Қаулы · № А-10/298 · қабылданған 09.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-147262/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, лиц, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Буландынскому району на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ А-10/298 ·09.10.2020
09.10.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, лиц, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Буландынскому району на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ А-10/298 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, лиц, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Буландынскому району на 2021 год
Атауы (қаз.)
Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-10/298
Қабылданған күні
09.10.2020
Көрсетілген редакция
09.10.2020 147262_484805.kaz
Соңғы өзгеріс
09.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20BG008074
ЭКБ идентификаторы
147262
Редакция идентификаторы
147262_484805
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:23

0

Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабы 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2 2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

3

3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары К.Н. Исмағамбетоваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Бұланды ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 қазандағы
№ А-10/298 қаулысына
1 қосымша
Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (%)
1
Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы «Макинск Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
95
1,05

7 Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Бұланды ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 қазандағы
№ А-10/298 қаулысына
2 қосымша
Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (%)
1
Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы «Макинск Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
95
1,05

8 Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Бұланды ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 қазандағы
№ А-10/298 қаулысына
3 қосымша
Бұланды ауданы бойынша 2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (%)
1
Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы «Макинск Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
95
1,05

Қолданыстағы