Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в организациях Железинского района на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в организациях Железинского района на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- Железин ауданының ұйымдарында 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 323/5
- Қабылданған күні
- 09.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2020 148449_491546.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PF007021
- ЭКБ идентификаторы
- 148449
- Редакция идентификаторы
- 148449_491546
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:51
0 Железин ауданының ұйымдарында 2021 жылға арналған пробация
қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйырығына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Железин ауданының ұйымдарында 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Железин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Железин ауданының ұйымдарында 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Железин ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 қарашасы
№ 323/5 қаулысына
қосымша
Железин ауданының ұйымдарында 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Құдайберген Әлсейітов атындағы Железин аудандық Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
145
2
3