Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Павлодарскому району на 2021 год

Қаулы · № 385/11 · қабылданған 06.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-148594/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Павлодарскому району на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 385/11 ·06.11.2020
06.11.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Павлодарскому району на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 385/11 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Павлодарскому району на 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға арналған Павлодар ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
385/11
Қабылданған күні
06.11.2020
Көрсетілген редакция
06.11.2020 148594_492155.kaz
Соңғы өзгеріс
06.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20PK007032
ЭКБ идентификаторы
148594
Редакция идентификаторы
148594_492155
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:53

0 2021 жылға арналған Павлодар ауданы бойынша пробация

қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, 27- бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Павлодар ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2021 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

4 2021 жылға арналған Павлодар ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Павлодар ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 6 қарашасы
№ 385/11 қаулысына
қосымша
2021 жылға арналған Павлодар ауданы бойынша пробация қызметінің
есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с №
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
Квотаның мөлшері (жұмыскелердің тізімдік санынан), %
Пробация қызметінің
есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны, бірлік
1
Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
335
1
3
2
«Ертіс» шаруа қожалығы
110
1
1
3
«Зерноград» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
163
1
2
4
«Кирова» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
211
1
2
5
«Маяк» шаруа қожалығы
112
1
1
6
«Луганск» өндірістік кооперативі
248
1
2

Қолданыстағы