Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации в организациях Майского района на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации в организациях Майского района на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- 2021 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 291/1
- Қабылданған күні
- 11.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2020 148755_492674.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PJ007041
- ЭКБ идентификаторы
- 148755
- Редакция идентификаторы
- 148755_492674
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:49
0 2021 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыс орындарының квотасы:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
4 2021 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Май ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 11 қарашасы
№ 291/1 қаулысына
1-қосымша
2021 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с
№
Ұйымның
атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
Май ауданының әкімдігі Май ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің
«Май-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
66
2
1
5 2021 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Май ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 11 қарашадағы
№ 291/1 қаулысына
2-қосымша
2021 жылға арналған Май ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с
№
Ұйымның
атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
Май ауданының әкімдігі Май ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің
«Май-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
66
2
1
2
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Май аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
202
1
2