Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 199
- Қабылданған күні
- 23.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2020 148844_494007.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NO009578
- ЭКБ идентификаторы
- 148844
- Редакция идентификаторы
- 148844_494007
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:35
0 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Меңдiқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Әкімдіктің
2020 жылғы 23 қарашадағы
№ 199 қаулысына
қосымша
2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымдардың атауы
Ұйымдағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімдегі квота мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1.
«Агрофирма Қарқын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
170
0,6%
1
2.
«Восток-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
231
0,4%
1
3.
«Родник kst» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
60
1,7%
1
4.
«Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Боровское ЖКХ-2016» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
77
2,6%
2
5.
«Олжа Боровское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
304
0,7%
2