Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации в Аршалынском районе на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации в Аршалынском районе на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- 2021 жылға арналған Аршалы ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-230
- Қабылданған күні
- 25.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2020 148999_493887.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20BD008175
- ЭКБ идентификаторы
- 148999
- Редакция идентификаторы
- 148999_493887
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:33
0 2021 жылға арналған Аршалы ауданында
бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды және пробация
қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, 27 бабы 1 тармағының 2), 3) тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған Аршалы ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған Аршалы ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы сұраққа жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 2021 жылға арналған Аршалы ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Аршалы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 25 қарашадағы
№ А-230 қаулысына
1 қосымша
2021 жылға арналған Аршалы ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (%)
1
«КАЗШПАЛ» акционерлік қоғамы
242
1,2
6 2021 жылға арналған Аршалы ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Аршалы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 25 қарашадағы
№ А-230 қаулысына
2 қосымша
2021 жылға арналған Аршалы ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері
(%)
1
« КАЗШПАЛ » акционерлік қоғамы
242
1,2