Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Шалкарскому району на 2021 год

Қаулы · № 302 · қабылданған 27.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-149134/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Шалкарскому району на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 302 ·27.11.2020
27.11.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Шалкарскому району на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 302 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Шалкарскому району на 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға Шалқар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
302
Қабылданған күні
27.11.2020
Көрсетілген редакция
27.11.2020 149134_495436.kaz
Соңғы өзгеріс
27.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CM007743
ЭКБ идентификаторы
149134
Редакция идентификаторы
149134_495436
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:29

0 2021 жылға Шалқар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 8) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2021 жылға Шалқар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Шалқар ауданы әкімдігінің

2020 жылғы 27 қарашасы
№ 302 қаулысына қосымша
2021 жылға Шалқар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

р/н
Ұй­ым­дар­дың ата­уы
Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны
Кво­та мөл­ше­рі (жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны­нан %)
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (бір­лік)
1
«Қа­зақ­стан те­мір жо­лы» Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның фи­ли­а­лы- «Ақ­тө­бе ма­ги­страль­дық же­лі бө­лім­ше­сі»
318
0,3
1
2
«Қам­қор ло­ко­мо­тив» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі­нің «Ақ­тө­бе ло­ко­мо­тив жөн­деу де­по­сы» фи­ли­а­лы
388
0,3
1
3
«Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Шал­қар аудан­дық ау­ру­ха­на­сы» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­по­ры­ны
563
0,2
1

Қолданыстағы