Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации в районе Биржан сал на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации в районе Биржан сал на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- 2021 жылға арналған Біржан сал ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-11/305
- Қабылданған күні
- 27.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2020 149184_494422.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20BJ008190
- ЭКБ идентификаторы
- 149184
- Редакция идентификаторы
- 149184_494422
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:29
0 2021 жылға арналған Біржан сал ауданында
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды,
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, 27-бабының 1 тармағының 2), 3) тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2021 жылға арналған Біржан сал ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. 2021 жылға арналған Біржан сал ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Т. Ахметоваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 2021 жылға арналған Біржан сал ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Біржан сал ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 27 қарашадағы
№ а-11/305 қаулысына
1 қосымша
2021 жылға арналған Біржан сал ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (%)
1
Біржан сал ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Степняк су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
48
6,2
2
«ПО «Кокше-Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
624
0,3
6 2021 жылға арналған Біржан сал ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Біржан сал ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 27 қарашадағы
№ а-11/305 қаулысына
2 қосымша
2021 жылға арналған Біржан сал ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Белгіленген квота мөлшері (%)
1
Біржан сал ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Степняк су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
48
6,2
2
«ПО «Кокше-Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
624
0,6