Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в организациях района Тереңкөл на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в организациях района Тереңкөл на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- 2021 жылға арналған Тереңкөл ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 295/1
- Қабылданған күні
- 03.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2020 149225_494980.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PH007054
- ЭКБ идентификаторы
- 149225
- Редакция идентификаторы
- 149225_494980
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:56
0 2021 жылға арналған Тереңкөл ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған Тереңкөл ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
4 2021 жылға арналған Тереңкөл ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 3 қарашасы
№ 295/1 қаулысына
қосымша
2021 жылға арналған Тереңкөл ауданының ұйымдарында пробация қызметінің
есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының
квотасы
Р/с №
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға
арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
78
1
1
2
«Агро-Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
1
1
3
«Песчан жөндеу-механикалық зауыты»
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
102
1
1