Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в организациях района Аққулы на 2021 год

Қаулы · № 1-03/267 · қабылданған 30.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-149415/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в организациях района Аққулы на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 1-03/267 ·30.11.2020
30.11.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в организациях района Аққулы на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 1-03/267 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в организациях района Аққулы на 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға арналған Аққулы ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1-03/267
Қабылданған күні
30.11.2020
Көрсетілген редакция
30.11.2020 149415_495996.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20PI007079
ЭКБ идентификаторы
149415
Редакция идентификаторы
149415_495996
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:26

0 2021 жылға арналған Аққулы ауданының ұйымдарында бас

бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2021 жылға арналған Аққулы ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары А. Ж. Қасымоваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

4 2021 жылға арналған Аққулы ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Аққулы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 30 қарашасы
№ 1-03/267 қаулысына
қосымша
2021 жылға арналған Аққулы ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны,
адам
Квотаның мөлшері
(жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны, бірлік
1
Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімінің «Аққу-Сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
68
3%
2
2
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аққулы аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
200
1%
2

Қолданыстағы