Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год

Қаулы · № 397 · қабылданған 07.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-149859/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 397 ·07.12.2020
07.12.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 397 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
397
Қабылданған күні
07.12.2020
Көрсетілген редакция
07.12.2020 149859_497507.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VQ007979
ЭКБ идентификаторы
149859
Редакция идентификаторы
149859_497507
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:19

0 2021 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1- тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мекемелерге ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмысшылардың тізімдік санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін:

1 1) 50-ден (елуден) 100 (жүз) адамға дейін - 2 (екі) пайыз мөлшерінде жұмысшылардың тізімдік санынан;

2 2)101-ден (жүз бірден) 250 (екі жүз елу) адамға дейін - 3 (үш) пайыз мөлшерінде жұмысшылардың тізімдік санынан;

3 3) 251-ден (екі жүз елу бірден) артық адамға дейін - 4 (төрт) пайыз мөлшерінде жұмысшылардың тізімдік санынан.

2 2. «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

3 3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 446 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2019 жылғы 21 қаңтарда № 5-17-214 тіркелген, 2019 жылғы 1 ақпанда «Ұлан таңы» № 5 (8113) газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Әбдікәримовке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы