Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына 2021 жылға квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 467
- Қабылданған күні
- 20.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2020 150173_499354.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UE005961
- ЭКБ идентификаторы
- 150173
- Редакция идентификаторы
- 150173_499354
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:58
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына 2021 жылға квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына және «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2
2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі №76 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №5545 болып тіркелген, 2020 жылғы 22 сәуірде «Шаян» газетінде және 2020 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;
2 2) осы қаулының Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиевке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы
Бәйдібек ауданы
әкімдігінің «20»
желтоқсандағы 2020 жылғы
№ 467 қаулысына
қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері
(%)
Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Ақтау жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
59
2
1
2
«Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Жүзімдік жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
65
2
1
3
«Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Қ.Бәйменов атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
70
2
1
4
«Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
99
2
2
5
«Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Тасқұдық негізгі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
57
2
1
6
«Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы негізгі орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
56
2
1