Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Шалкарскому району на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Шалкарскому району на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- 2021 жылға Шалқар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 332
- Қабылданған күні
- 23.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2020 150493_501445.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CM007828
- ЭКБ идентификаторы
- 150493
- Редакция идентификаторы
- 150493_501445
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:48
0 2021 жылға Шалқар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. 2021 жылға Шалқар ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес :
елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адамға – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2
2. Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 «Шалқар ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5526 тіркелген, 2017 жылғы 15 маусымда «Шалқар» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Шалқар ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 332 қаулысына қосымша
2021 жылға Шалқар ауданы бойынша ұйымдардың бөлінісінде ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейіңгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымдардың атауы
Жұмысшылардың тізімдік саны
Квотаның көлемі
(% жұмысшылардың тізімдік санынан)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны
1
«Шалқар аудандық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
64
2,0
1
2
«Шалқар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
50
2,0
1
3
«Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сары Батақұлы атындағы Шалқар аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
110
3,0
3
4
«Қамқор вагон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Шалқар вагон жөндеу депосы» филиалы
65
2,0
1
5
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шалқар аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
283
4,0
11
6
«Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұлы борсық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
61
2,0
1
7
«Тау-кен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
106
3,0
3
8
«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Еркемай» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
58
2,0
1
9
«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «№12 бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
51
2,0
1
10
«Шалқар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
76
2,0
2
11
«Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі
67
2,0
1
12
«Ақтөбе облысының ветеренария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шалқар аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
54
2,0
1
13
«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қарлығаш» бөбекжай – бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
51
2,0
1
14
«Шалқар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шалқар аудандық көркемсурет лицейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
58
2,0
1
15
«Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шалқар аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
57
2,0
1
16
«Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
53
2,0
1
17
«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ертөстік» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
51
2,0
1