Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год по Зайсанскому району

Қаулы · № 744 · қабылданған 28.12.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-151064/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год по Зайсанскому району Күшін жойған Қаулы ·№ 744 ·28.12.2020
22.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год по Зайсанскому району

Күшін жойған Қаулы ·№ 744 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год по Зайсанскому району
Атауы (қаз.)
Зайсан ауданы бойынша 2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
744
Қабылданған күні
28.12.2020
Көрсетілген редакция
22.12.2021 151064_579517.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VK008120
ЭКБ идентификаторы
151064
Редакция идентификаторы
151064_579517
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:30

0 Зайсан ауданы бойынша 2021 жылға

мүгедектер үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі«Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» №498 бұйрығының 8-тармағына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген), Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Зайсан ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:

1 1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

2 2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

3 3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

2

2. Зайсан ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы №33 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 2 наурызда №4894 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 сәуірде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Зайсан ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

3 3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Нуртазинге жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы