Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях на 2021 год

Бұйрық · № 544 · қабылданған 28.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-151066/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях на 2021 год Қолданыста Бұйрық ·№ 544 ·28.12.2020
28.12.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях на 2021 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 544 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях на 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
544
Қабылданған күні
28.12.2020
Көрсетілген редакция
28.12.2020 151066_533609.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021987
ЭКБ идентификаторы
151066
Редакция идентификаторы
151066_533609
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:26

0 2021 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бірінші бөлігінің 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2021 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 2021 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
2020 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 544 бұйрығына
қосымша
2021 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс
Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберіндегі қаржыландырудың жылдық көлемі
Қаржыландырылатын орындар саны
Жатақхана салынған жағдайда жатақханадағы бір орын үшін студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері
Реконструкция жасалған жағдайда жатақханадағы бір орын үшін студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері
4 110 094
мың теңге
45 000
1) сейсмикалық қауіптілігі 9 балл және одан жоғары, сондай – ақ студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардағы орындардың тапшылығы жалпы республикалық қажеттіліктің 20 пайызынан жоғары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда құрылыс салынған жағдайда – қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) есептемегенде, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 144 еселенген мөлшері;
2) астананы қоса алғанда, өзге де елді мекендерде құрылыс салу кезінде – ҚҚС-ны есепке алмағанда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 122 еселенген мөлшері
ҚҚС есептемегенде, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшері

Қолданыстағы