Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год

Қаулы · № 314 · қабылданған 31.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-151212/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 314 ·31.12.2020
31.12.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 314 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
314
Қабылданған күні
31.12.2020
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2021
Көрсетілген редакция
31.12.2020 151212_502766.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UN005999
ЭКБ идентификаторы
151212
Редакция идентификаторы
151212_502766
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:06

0 2021 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2021 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

2 2. «Түлкібас ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік салалар бойынша орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

7 2021 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Түлкібас ауданы әкімдігінің
2020 жылғы «31» желтоқсандағы
№ 314 қаулысына қосымша
2021 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымының атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның
мөлшері (%)
Мүгедектер үшін белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
116
3
4
2
«Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
105
3
3
3
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Ақ-бұлақ» облыстық балалар оңалту орталығы» шаруашылығы жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорны
205
3
6
Барлығы:
426
13

Қолданыстағы