Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Байганинскому району на 2021 год

Қаулы · № 1 · қабылданған 06.01.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-151508/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Байганинскому району на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 1 ·06.01.2021
06.01.2021 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Байганинскому району на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 1 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Байганинскому району на 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға Байғанин ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
06.01.2021
Көрсетілген редакция
06.01.2021 151508_503788.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21CD007945
ЭКБ идентификаторы
151508
Редакция идентификаторы
151508_503788
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:02

0 2021 жылға Байғанин ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру

үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі  Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 8) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2021 жылға Байғанин ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Байғанин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Байғанин аудандық әкімдігінің

2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 қаулысына қосымша
2021 жылға Байғанин ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

р/н
Ұй­ым­дар­дың ата­уы
Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны
Кво­та мөл­ше­рі (жұ­мыс­кер­лер­ді­ңор­та­ша ті­зім­дік са­ны­нан %)
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (бір­лік)
1
«Бай­ға­нин кө­лік» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
15
2%
1
2
«Бай­ға­нин аудан­дық түр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық, жо­ла­у­шы­лар кө­лі­гі және ав­то­мо­биль жол­да­ры» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Бай­ға­нин» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­ры­ны
31
2%
1
3
«Ме­рей и К» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
50
2%
1

Қолданыстағы