Құжат мәтініне өту

О предоставлении в 2021 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Есильского района

Өзге акт · № 58/403 · қабылданған 08.01.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-152065/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О предоставлении в 2021 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Есильского района Қолданыста Өзге акт ·№ 58/403 ·08.01.2021
08.01.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении в 2021 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Есильского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 58/403 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении в 2021 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Есильского района
Атауы (қаз.)
2021 жылы Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
58/403
Қабылданған күні
08.01.2021
Көрсетілген редакция
08.01.2021 152065_524823.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21SF007005
ЭКБ идентификаторы
152065
Редакция идентификаторы
152065_524823
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:58

0 2021 жылы Есіл ауданының ауылдық

елді мекендеріне жұмыс істеуге және
тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға, ауылдар,
кенттер, ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне
көтерме жәрдемақы және тұрғын үй
сатып алу немесе салу үшін
әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8, 9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2021 жылы Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көрсетілсін:

1 1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

2 2. Осы шешімнің 1-тармағының күші сонымен қатар ветеринария облысында қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық пунктерінің ветеринария мамандарына таралады.

3 3. Осы шешім ресми жариялануға жатады және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы