Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории Махамбетского района на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток (павильонов) субъектам внутренней торговли на территории Махамбетского района на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- Махамбет ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін 2021 жылға арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 13.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2021 152259_505459.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21TC004880
- ЭКБ идентификаторы
- 152259
- Редакция идентификаторы
- 152259_505459
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:52
0 Махамбет ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін 2021 жылға арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8-бабының 2) және 3) тармақшаларына және 27-бабына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Махамбет ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін 2021 жылға арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сейтқалиевке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
4 Махамбет ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
Махамбет аудандық әкімдігінің
2021 жылғы 13 қаңтардағы № 1
қаулысына қосымша
Махамбет ауданы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№
Елді-мекен атауы
Арнайы бөлінген орындар
Саны
Сауда жүргізу мерзімі
1
Махамбет
«Жастар» демалыс саябағы алаңы
50
31.12.2021 жылға дейін
2
Сарытоғай
Соңғы аялдаманың сол жақ бетіндегі алаңның 50 метр радиус шегінде
20
31.12.2021 жылға дейін
3
Ақжайық
Махамбет көшесіндегі №19 ғимаратының алдынан 50 метр радиус шегінде
15
31.12.2021 жылға дейін
4
Алға
«Мұра» өндіріс кооперативінің ескі ғимаратының алдынан 50 метр радиус шегінде
15
31.12.2021 жылға дейін
5
Ақтоғай
«Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай ауылының «Жас дәурен» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ғимаратының батыс жақ жанынан 50 метр радиус шегінде
15
31.12.2021 жылға дейін
6
Бақсай
Махамбет Есенбаев көшесіндегі №24А ғимаратының қасындағы арнайы дайындалған орында
15
31.12.2021 жылға дейін
7
Бейбарыс
Пошта бөлімшесінің алдынан 50 метр радиус шегінде
20
31.12.2021 жылға дейін
Талдыкөл
«Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талдыкөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының кірме қақпасынан 50 метр радиус шегінде
10
31.12.2021 жылға дейін
Аққайың
Т.Рысқұлов көшесіндегі №1 үйінің алдынан 50 метр радиус шегінде
10
31.12.2021 жылға дейін
8
Есбол
«Ерасыл» азық-түлік дүкенінің сол жақ жанынан 50 метр радиус шегінде
10
31.12.2021 жылға дейін
Ортақшыл
«Есбол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдынан 50 метр радиус шегінде
15
31.12.2021 жылға дейін
Еңбекшіл
«Табия» азық-түлік дүкеннінің жол жағынан 50 метр радиус шегінде
10
31.12.2021 жылға дейін
9
Сарайшық
«Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қазмұхамбед Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жақ жанынан 50 метр радиус шегінде
20
31.12.2021 жылға дейін
10
Жалғансай
«Рашид» дүкенінің алдынан 30 метр радиусы
15
31.12.2021 жылға дейін