Құжат мәтініне өту

О предоставлении в 2021 году подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселка и сельских округов прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жетысайского района

Өзге акт · № 2-7-VII · қабылданған 26.01.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-152490/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О предоставлении в 2021 году подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселка и сельских округов прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жетысайского района Қолданыста Өзге акт ·№ 2-7-VII ·26.01.2021
26.01.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении в 2021 году подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселка и сельских округов прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жетысайского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 2-7-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении в 2021 году подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселка и сельских округов прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жетысайского района
Атауы (қаз.)
Жетісай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2-7-VII
Қабылданған күні
26.01.2021
Көрсетілген редакция
26.01.2021 152490_506833.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21UP006038
ЭКБ идентификаторы
152490
Редакция идентификаторы
152490_506833
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:44

0

Жетісай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы Қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 6-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген) сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жетісай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына, кент және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне қажеттілікті ескере отырып, 2021 жылы берілсін:

1 1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

2 2. «Жетісай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Жетісай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы