Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Уилскому району на 2021 год

Қаулы · № 5 · қабылданған 27.01.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-152547/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Уилскому району на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 5 ·27.01.2021
27.01.2021 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Уилскому району на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 5 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Уилскому району на 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға Ойыл ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
27.01.2021
Көрсетілген редакция
27.01.2021 152547_507690.kaz
Соңғы өзгеріс
27.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21CK008033
ЭКБ идентификаторы
152547
Редакция идентификаторы
152547_507690
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:43

0 2021 жылға Ойыл ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2021 жылға Ойыл ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Айдарбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Ойыл ауданы әкімдігінің

2021 жылғы 27 қаңтардағы
№ 5 қаулысына қосымша
2021 жылға Ойыл ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

р/н
Ұй­ым­дар­дың ата­уы
Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны
Кво­та мөл­ше­рі (Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны­нан %)
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (бір­лік)
1
Же­ке кә­сіп­кер «Әлі­бе­ков Ми­рас Әлі­бе­кұ­лы»
50
2
1
2
«Ой­ыл аудан­дық іш­кі са­я­сат, мә­де­ни­ет және тіл­дер­ді да­мы­ту бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
100
2
2
3
«Ой­ыл аудан­дық тұр­ғын үй - ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық, жо­ла­у­шы­лар кө­лі­гі және ав­то­мо­биль жол­да­ры бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі жа­нын­да­ғы ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Кө­к­жар» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­ры­ны
50
2
1
4
«Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Ой­ыл аудан­дық ау­ру­ха­на­сы» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­пор­ны
100
2
2
5
Же­ке кә­сіп­кер «Әліп Күл­жа­мал Әлі­бек­қы­зы»
50
2
1
6
«Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ве­те­ри­на­рия бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Ой­ыл аудан­дық ве­те­ри­на­ри­я­лық стан­са­сы» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­по­ры­ны
50
2
1

Қолданыстағы