Об установлении квоты рабочих мест на 2021 год по городу Кызылорда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест на 2021 год по городу Кызылорда
- Атауы (қаз.)
- Қызылорда қаласы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17271
- Қабылданған күні
- 28.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2021 152570_543294.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21LA008138
- ЭКБ идентификаторы
- 152570
- Редакция идентификаторы
- 152570_543294
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:43
0 Қызылорда қаласы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 9-бабының 7, 8, 9) - тармақшаларына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Қызылорда қаласы бойынша 2021 жылға пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн, ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн екі пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгiленсiн.
2
2. «Қызылорда қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 18 қазандағы №14460 қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 6941 нөмірімен тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердiң эталонды бақылау банкiсiнде 2019 жылғы 25 қазанда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
3
3. «Қызылорда қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы №14460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 5 ақпандағы №15043 қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 7240 нөмірімен тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердiң эталонды бақылау банкiсiнде 2020 жылғы 13 ақпанда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
6 Қызылорда қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 28 қаңтардағы № 17271
қаулысына 1-қосымша
2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның
мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан
1
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Қызылорда» филиалы
150
4,67
2
«Valiant-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
70
7,15
3
«Пәтер иелерiнiң «Шапағат кооперативi» тұтыну кооперативi
40
2,5
4
«Қызылорда» Автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
235
2,13
5
«Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
500
2
7 Қызылорда қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 28 қаңтардағы № 17271
қаулысына 2-қосымша
2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның
мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан
1
«НефтьПромСнаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
15
6,67
2
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
45
2,23
8 Қызылорда қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 28 қаңтардағы № 17271
қаулысына 3-қосымша
2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның
мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан
1
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
45
2,23
2
«НефтьПромСнаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
15
6,67