Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- 2021 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 28
- Қабылданған күні
- 04.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2021 152698_524295.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21UI006054
- ЭКБ идентификаторы
- 152698
- Редакция идентификаторы
- 152698_524295
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:38
0 2021 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде 2021 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2
2. Отырар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі №119 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5566 тіркелген, 2020 жылғы 21 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Отырар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Әлішке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Отырар ауданы әкімдігінің
2021 жылғы «4» ақпандағы
№ 28 қаулысына қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері
(%)
Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Отырар аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
796
4%
32
2
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту баскармасының Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Темір» жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
151
3%
4
3
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту баскармасының Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
122
3%
4
4
«Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
253
4%
10
5
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту баскармасының Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
203
3%
6
6
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту баскармасының Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Отырар» жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
111
3%
3
7
«Саутс-ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
888
4%
35