Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- 2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 11.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2021 152860_545590.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21U0006061
- ЭКБ идентификаторы
- 152860
- Редакция идентификаторы
- 152860_545590
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:34
0 2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17583 болып тіркелген «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы №408 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
А.Ш.Жетпісбай
Ә.Е.Тұрғымбеков
С.А.Қалқаманов
М.И.Мырзалиев
А.С.Сабитов
Ұ.Қ.Тәжібаев
А.А.Абдуллаев
А.Б. Тасыбаев
«2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы «___»_____________№_____ қаулысына
7 2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Түркістан облысы әкімдігінің
2021 жылғы «11» ақпандағы
№ 36 қаулысына қосымша
2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
№
Субсидиялау бағытының атауы
Өлшем бірлігі
Субсидия көлемі
1 (бір) килограмм акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруге жұмсалған азық шығысының нормасы, килограмм
1 (бір) килограмм балық азығына бөлінетін субсидиялар сомасы, теңге
Субсидиялар сомасы, мың тенге
1.
Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары
килограмм
58 479,5
1,5
285
25 000,0
2.
Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары
килограмм
30 864,2
1,2
270
10 000,0
3.
Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары
килограмм
779 166,6
4,0
105
327 250,0
Барлығы
362 250,0