Құжат мәтініне өту

Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2021 год

Бұйрық · № 39 · қабылданған 13.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-152876/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2021 год Қолданыста Бұйрық ·№ 39 ·13.02.2021
21.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2021 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 39 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2021 год
Атауы (қаз.)
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
39
Қабылданған күні
13.02.2021
Көрсетілген редакция
21.12.2021 152876_551326.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022211
ЭКБ идентификаторы
152876
Редакция идентификаторы
152876_551326
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:32

0 Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 11-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мынадай:

1 1) қандастарды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасының саны 941 адам;

2 2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасының саны 7 211 адам болып белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет миинистрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметтері департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынылуын;

4 4) осы бұйрықты жұмысында басшылыққа алу үшін облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы