Құжат мәтініне өту

Об утверждении объема бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Северо-Казахстанской области на 2021 год

Қаулы · № 30 · қабылданған 16.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-152971/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении объема бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Северо-Казахстанской области на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 30 ·16.02.2021
12.08.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении объема бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Северо-Казахстанской области на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 30 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении объема бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Северо-Казахстанской области на 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30
Қабылданған күні
16.02.2021
Көрсетілген редакция
12.08.2021 152971_536795.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21S0007137
ЭКБ идентификаторы
152971
Редакция идентификаторы
152971_536795
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:31

0 2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.

2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Солтүстік Қазақстан

облысы әкімдігінің
2021 жылғы «16» ақпандағы
№ 30 қаулысына
қосымша
Субсидияланатын тұқымдардың санаты
Бюджет қаражатының көлемі,
мың теңге
Бірегей тұқымдар
24 593
Элиталық тұқымдар
1 096 188
Бірінші репродукция тұқымдары
327 874
Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
679 509
Барлығы
2 128 164

Қолданыстағы