Құжат мәтініне өту

Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства по Западно-Казахстанской области на 2021 год

Қаулы · № 18 · қабылданған 17.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-152978/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства по Западно-Казахстанской области на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 18 ·17.02.2021
13.12.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства по Западно-Казахстанской области на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 18 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства по Западно-Казахстанской области на 2021 год
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18
Қабылданған күні
17.02.2021
Көрсетілген редакция
13.12.2021 152978_551690.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21Z0006830
ЭКБ идентификаторы
152978
Редакция идентификаторы
152978_551690
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:30

0 Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

4 4. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Ж. Халиуллин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 282
қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы «17» ақпандағы №18
қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері,
теңге
Субсидия көлемі
Субсидия сомасы,
мың теңге
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
1.1
Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
бас/ шағылыстыру маусымы
10 000
177 040
1 770 400
1.2
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы
15 000
44 351
665 265
2.
Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу
бас/ шағылыстыру маусымы
100 000
2 055
205 500
3.
Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу
сатып алынған бас
150 000
5 580
837 000
4.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
4.1
Отандық
сатып алынған бас
150 000
8 610
1 291 500
4.2
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған
225 000
1 065
239 625
4.3
Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған
300 000
443
132 900
5.
Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату
тiрiдей салмағы, килограмм
200
4 602 693
920 538,6
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
6.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
6.1
Отандық
сатып алынған бас
200 000
170
34 000
6.2
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған
225 000
198
44 550
6.3
Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған
400 000
96
38 400
7.
Сүт өндіру құнын арзандату:
7.1
Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық
өткізілген немесе өңделген килограмм
30
1 833 283
54 998,5
7.2
Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық
20
1 318 400
26 368
7.3
Ауыл шаруашылығы кооперативі
20
360 000
7 200
8.
Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау
ағымдағы жылы ұрықтан-дырылған бас
5 000
2 622
13 110
Етті құс шаруашылығы
9.
Құс етін өндіру құнын арзандату
9.1
5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс
өткізілген килограмм
60
6 000 000
360 000
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
10.
Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу
сатып алынған бас
60
226 000
13 560
11.
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату (2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады)
11.1
50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс
өткізілген дана
1,1
139 331 282
153 264,4
Қой шаруашылығы
12.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
12.1
Қойлардың асыл тұқымды аналық басы
бас/ шағылыстыру маусымы
4 000
22 818
91 272
12.2
Қойлардың тауарлық аналық басы
2 500
162 387
405 967,5
13.
Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу
сатып алынған бас
15 000
6 228
93 420
14.
Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу
бас/ шағылыстыру маусымы
10 000
26
260
15.
Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату
өткізілген бас
3 000
3 684
11 052
Жылқы шаруашылығы
16.
Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу
сатып алынған бас
100 000
70
7 000
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
17.
Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
балара ұясы/
маусым
5 000
1 000
5 000
Барлығы
7 422 151

8 2021 жылғы «__» _________ №__

Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына қосымша

1

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №41 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6072 тіркелген, 2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

2

2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №102 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №41 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6230 тіркелген, 2020 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

3

3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №198 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №41 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6345 тіркелген, 2020 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

4

4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі №209 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №41 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6364 тіркелген, 2020 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

5

5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №274 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №41 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6482 тіркелген, 2020 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

Қолданыстағы