Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Нур-Султане, Алматы, Шымкенте, Семее и моногородах на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Нур-Султане, Алматы, Шымкенте, Семее и моногородах на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 86
- Қабылданған күні
- 23.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2021 153155_534443.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000086
- ЭКБ идентификаторы
- 153155
- Редакция идентификаторы
- 153155_534443
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:27
0 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.
2
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті мәслихаттар 2021 жылға арналған облыстық бюджеттерде, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiнде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.
3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
2 2) бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4 4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат ұсынсын.
5
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға кредит беруге бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілуін мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
10 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға кредит берудің негізгі шарттары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға кредит берудің негізгі шарттары
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1
1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға кредит беру үшін «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысында көзделген 10061124000 (он миллиард алпыс бір миллион бір жүз жиырма төрт мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 7 (жеті) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесімен беріледі;
2 2) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және бюджеттік кредитті жергілікті атқарушы органға аударған кезден бастап есептеледі.
____________________________