Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест по Каратобинскому району на 2021 год

Қаулы · № 19 · қабылданған 04.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-153253/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест по Каратобинскому району на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 19 ·04.03.2021
04.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест по Каратобинскому району на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 19 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест по Каратобинскому району на 2021 год
Атауы (қаз.)
Қаратөбе ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19
Қабылданған күні
04.03.2021
Көрсетілген редакция
04.03.2021 153253_512309.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21ZI006840
ЭКБ идентификаторы
153253
Редакция идентификаторы
153253_512309
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:21

0 Қаратөбе ауданы бойынша 2021 жылға

жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қаратөбе ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде белгіленсін:

осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3 - қосымшасына сәйкес ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде.

2

2. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 98 «Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6330 тіркелген, 2020 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.

3 3. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Қаратөбе ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2021 жылдың «___ » _________
№___ қаулысына 1-қосымша
Қаратөбе ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің
тізімдік саны
Квотаның мөлшері(%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қаратөбе аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
261
2
5
2.
«Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
68
2
1
3.
«Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
49
2
1
4.
«Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
21
2
1
5.
Қаратөбе ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қаратөбе аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны»
37
2
1

7 Қаратөбе ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2021 жылдың «___ » _________
№___ қаулысына 2-қосымша
Қаратөбе ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қаратөбе аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
261
2
5
2.
«Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
68
2
1
3.
«Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
49
2
1
4.
«Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
21
2
1
5.
Қаратөбе ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қаратөбе аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны»
37
2
1

8 Қаратөбе ауданы бойынша 2021 жылға ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2021 жылдың «___ » _________
№___ қаулысына 3-қосымша
Қаратөбе ауданы бойынша 2021 жылға ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің
тізімдік саны
Квотаның мөлшері(%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1.
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
23
1
1
2.
Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
48
1
1

Қолданыстағы