Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест по Жангалинскому району на 2021 год

Қаулы · № 48 · қабылданған 09.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-153302/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест по Жангалинскому району на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 48 ·09.03.2021
09.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест по Жангалинскому району на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 48 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест по Жангалинскому району на 2021 год
Атауы (қаз.)
Жаңақала ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
48
Қабылданған күні
09.03.2021
Көрсетілген редакция
09.03.2021 153302_512417.kaz
Соңғы өзгеріс
09.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21ZE006841
ЭКБ идентификаторы
153302
Редакция идентификаторы
153302_512417
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:19

0 Жаңақала ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жаңақала ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.

2

2. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №55 «Жаңақала ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6228 тіркелген, 2020 жылы 14 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Жұмалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Еслямғалиеваға жүктелсiн.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Жаңақала ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы ________ №___
қаулысына 1- қосымша
Жаңақала ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері (%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1
«Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
152
1%
2
2
Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
148
1%
1

7 Жаңақала ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы ________ №___
қаулысына 2- қосымша
Жаңақала ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері (%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1
Жаңақала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқындағы) «Коммунал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
56
1%
1
2
Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің «Жаңақала аудандық мәдени - демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
114
1%
1

8 Жаңақала ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы ________ №___
қаулысына 3- қосымша
Жаңақала ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымдардың атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері (%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Аудандық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
100
1%
1
2
«Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі
72
1%
1

Қолданыстағы