Құжат мәтініне өту

«Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Ордабасынского района на 2021 год»

Қаулы · № 120 · қабылданған 05.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-153314/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
«Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Ордабасынского района на 2021 год» Қолданыста Қаулы ·№ 120 ·05.03.2021
05.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Ордабасынского района на 2021 год»

Қолданыста Қаулы ·№ 120 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Ордабасынского района на 2021 год»
Атауы (қаз.)
«2021 жылға Ордабасы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы»
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
120
Қабылданған күні
05.03.2021
Көрсетілген редакция
05.03.2021 153314_512479.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21UH006085
ЭКБ идентификаторы
153314
Редакция идентификаторы
153314_512479
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:20

0

«2021 жылға Ордабасы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы»
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліменде №13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ордабасы ауданы әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3 3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

4

4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1-қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3 тармағының талаптары қатаң сақталсын.

5 5. «Ордабасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Оралбаевқа жүктелсiн.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы

Ордабасы ауданы
әкімдігінің 2021 жылғы
«5» наурыздағы № 120
қаулысына 1-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы
р/с
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1
«Темірлан абаттандыру» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
128
3,9
5
2
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ордабасы аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
1344
0,15
2
3
«Шұбарсу ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
21
4,7
1
4
Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
26
3,8
1
5
«Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
73
1,3
1
6
«Қажымұхан ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
21
4,7
1
7
«Қараспан ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
15
6,6
1
8
«Таза су» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
90
1,1
1
9
«Нұр-Агро 73» ЖШС
286
1,04
3
Барлығы
2 004
16

11 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы

Ордабасы ауданы
әкімдігінің 2021 жылғы
«5» наурыздағы № 120
қаулысына 2-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы
р/с
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1
«Темірлан абаттандыру» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
128
2,3
3
Барлығы
128
3

12 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы

Ордабасы ауданы
әкімдігінің 2021 жылғы
«5» наурыздағы № 120
қаулысына 3-қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы
р/с
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Амангелді атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
163
0,6
1
Барлығы
163
1

Қолданыстағы