Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест по Бурлинскому району на 2021 год

Қаулы · № 49 · қабылданған 03.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-153451/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест по Бурлинскому району на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 49 ·03.03.2021
03.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест по Бурлинскому району на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 49 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест по Бурлинскому району на 2021 год
Атауы (қаз.)
Бөрлі ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
49
Қабылданған күні
03.03.2021
Көрсетілген редакция
03.03.2021 153451_513421.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21ZC006844
ЭКБ идентификаторы
153451
Редакция идентификаторы
153451_513421
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:22

0 Бөрлі ауданы бойынша 2021 жылға

жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Бөрлі ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін үш пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.

2

2. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 62 «Бөрлі ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6049 тіркелген, 2020 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.

3 3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М.Нурмаков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Кушкинбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Бөрлі ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Бөрлі ауданы әкімдігінің
2021 жылғы «___» ______
№ ___қаулысына
1-қосымша
Бөрлі ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің
тізімдік саны
Квотаның мөлшері(%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1.
«Аксайстройсервис и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
70
3
2
2.
«Аксайавтотранс» акционерлік қоғамы
443
3
13

7 Бөрлі ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Бөрлі ауданы әкімдігінің
2021 жылғы «___» ______
№ ___қаулысына
2-қосымша
Бөрлі ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің
тізімдік саны
Квотаның мөлшері(%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1.
Аксайстройсервис и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
70
2
1
2.
«Аксайавтотранс» акционерлік қоғамы
443
2
9

8 Бөрлі ауданы бойынша 2021 жылға ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Бөрлі ауданы әкімдігінің
2021 жылғы «___» ______
№ ___қаулысына
3-қосымша
Бөрлі ауданы бойынша 2021 жылға ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің
тізімдік саны
Квотаның мөлшері(%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1.
«Аксайавтотранс» акционерлік қоғамы
443
1
4
2.
«МКС Мультикатеринг Казахстан Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
116
1
1
3.
«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Пугачев мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
116
1
1

Қолданыстағы