Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан по району Бәйтерек на 2021 год

Қаулы · № 133 · қабылданған 16.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-153512/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан по району Бәйтерек на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 133 ·16.03.2021
16.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан по району Бәйтерек на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 133 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан по району Бәйтерек на 2021 год
Атауы (қаз.)
Бәйтерек ауданы бойынша 2021 жылға азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
133
Қабылданған күні
16.03.2021
Көрсетілген редакция
16.03.2021 153512_513468.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21ZG006849
ЭКБ идентификаторы
153512
Редакция идентификаторы
153512_513468
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:12

0 Бәйтерек ауданы бойынша 2021 жылға азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық–атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13598 тіркелген) сәйкес, Бәйтерек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бәйтерек ауданы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық–құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.

2 2. Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т.Тулепкалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Бисакаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Бәйтерек ауданы бойынша 2021 жылға ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2021 жылғы _____________№ ___
қаулысына 1 қосымша
Бәйтерек ауданы бойынша 2021 жылға ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
92
1
1
2
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Махамбет «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
113
1
1
3
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Рубежин «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
80
1
1
4
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Көшім «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
111
1
1
5
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Белес «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
107
1
1
6
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Мичурин «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
163
1
2

6 Бәйтерек ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2021 жылғы « » __________№
қаулысына 2 қосымша
Бәйтерек ауданы бойынша 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«АСФА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
154
2
3
2
«Восход» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2
1
3
«Каверина С.В.» жеке кәсіпкер
43
2
1

7 Бәйтерек ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2021 жылғы « » __________ №
қаулысына 3 қосымша
Бәйтерек ауданы бойынша 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«АСФА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
154
2
3
2
«Восход» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2
1
3
«Каверина С.В.» жеке кәсіпкер
43
2
1

Қолданыстағы