Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов 2021 год

Қаулы · № 107 · қабылданған 16.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-153554/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 107 ·16.03.2021
16.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 107 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107
Қабылданған күні
16.03.2021
Көрсетілген редакция
16.03.2021 153554_513606.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21UB006099
ЭКБ идентификаторы
153554
Редакция идентификаторы
153554_513606
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:12

0 2021 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін.

2

2. Арыс қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №177 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 4 мамырда №5595 тіркелген және 2020 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Арыс қаласы әкімдігінің

2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 107 қаулысына қосымша

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері
(%)
Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Амангелді» атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
115
3
3
2.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «С.Ерубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
166
3
5
3.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
133
3
4
4.
«Алтын балапан» бөбекжай балабакшасы 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
70
2
1
5.
«ЛИДЕР» Бөбекжай балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
53
2
1
6.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
53
2
1

Қолданыстағы