Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы города Шымкент на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы города Шымкент на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласының 2021 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 18.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2021 153582_513644.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21E0000156
- ЭКБ идентификаторы
- 153582
- Редакция идентификаторы
- 153582_513644
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:08
0 Шымкент қаласының 2021 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6 бабының 3-тармағының 7-1) тармақшасы және 62 бабының 6 тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Шымкент қаласының 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4401 тіркелген, 2018 жылы 19 қаңтарда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнiң бірінші орынбасары Ш.Мұқанға жүктелсiн.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Шымкент қаласының 2021 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 18 наурыздағы
№ 171 қаулысына қосымша
Шымкент қаласының 2021 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№
Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Бір тәрбиеленушіге бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) (арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен коррекциялық топтарын қоспағанда)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге)
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым
Жекеменшік мектепке дейінгі ұйым
Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары (10,5-сағаттық режимдегі топ)
Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары (толық емес күн болатын топтар)
Мектепке дейінгі ұйымдағы санаторлық топтары (10,5-сағаттық режимдегі топ)
Мектепке дейінгі ұйымдағы коррекциялық топтары (10,5-сағаттық режимдегі топ)
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым мен мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйым (жас ерекшелігіне қарай)
3 жасқа дейін
3 жастан 7 жасқа дейін
1.
18681
45100
37527
16135
55786
66779
436,75
527,94