Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Иргизскому району на 2021 год

Қаулы · № 75 · қабылданған 19.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-153679/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Иргизскому району на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 75 ·19.03.2021
19.03.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Иргизскому району на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 75 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Иргизскому району на 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға Ырғыз ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
75
Қабылданған күні
19.03.2021
Көрсетілген редакция
19.03.2021 153679_515258.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21CE008149
ЭКБ идентификаторы
153679
Редакция идентификаторы
153679_515258
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:07

0 2021 жылға Ырғыз ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2021 жылға Ырғыз ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Ырғыз ауданы әкімдігінің

2021 жылғы 19 наурыздағы № 75
қаулысына қосымша
2021 жылға Ырғыз ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері
(жұмыс-керлердің тізімдік санынан %)
Жұмыс орындарының саны
(бірлік)
1
«Арсен-2015» шаруа қожалығы
4
1
1
2
«Сартай» шаруа қожалығы
5
1
1

Қолданыстағы