Об основных условиях кредитования бюджетов Карагандинской, Мангистауской, Западно-Казахстанской областей и бюджета города Нур-Султана на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об основных условиях кредитования бюджетов Карагандинской, Мангистауской, Западно-Казахстанской областей и бюджета города Нур-Султана на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға кредит берудің 2021 жылға арналған негізгі шарттары туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 202
- Қабылданған күні
- 01.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2022 154144_573809.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000202
- ЭКБ идентификаторы
- 154144
- Редакция идентификаторы
- 154144_573809
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:49
0 Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.
2
2. Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдары мәслихат 2021 жылға арналған облыстық бюджетте және астана бюджетінде тиісті түсімдерді көздейтін шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде мәслихаттың көрсетілген шешімін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.
3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарт жасасуды;
2 2) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4
4. Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне бюджеттік кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.
5 5. Қазақстан Республикасының Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылы бөлінген бюджеттік кредиттің игерілуіне мониторингті қамтамасыз етсін.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне жүктелсін.
7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 1 сәуірдегі
№ 202 қаулысымен
бекітілген
Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары
Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1
1) «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысында көзделген 224 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 8081866000 (сегіз миллиард сексен бір миллион сегіз жүз алпыс алты мың) теңге сомасындағы және 042 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялауға және салуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 37940000 (отыз жеті миллион тоғыз жүз қырық мың) теңге сомасындағы бюджеттік кредиттер қарыз алушыларға 2021 жылға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;