Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по каждой категории субсидируемых семян на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по каждой категории субсидируемых семян на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- 2021 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 75
- Қабылданған күні
- 30.03.2021
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2021 154357_516371.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21G0004932
- ЭКБ идентификаторы
- 154357
- Редакция идентификаторы
- 154357_516371
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:58
0 2021 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген, 2020 жылы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы аталған қаулының қосымшасына сәйкес, 2021 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.
2
2. Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 113 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4621 тіркелген, 2020 жылы 1 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Б. Нығмашевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап
күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
9 Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы «30» наурыздағы
№ 75 қаулысына қосымша
10 Жамбыл облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 2021 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі
мың.тенге
Бюджет түрі
Жалпы қажетті
Бірегей
Элиталық
1 репродукция
Будандар
Элиталық көшеттер
Жергілікті
828 000
2 288
218 075
53 226
233 478
320 932
Барлығы
828 000
2 288
218 075
53 226
233 478
320 932