Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары по городу Шымкент на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары по городу Шымкент на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2021 жылға арналған шекті мәндерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 243
- Қабылданған күні
- 16.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2021 154821_518313.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21E0000166
- ЭКБ идентификаторы
- 154821
- Редакция идентификаторы
- 154821_518313
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:36
0 Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2021 жылға арналған шекті мәндерін бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 117-бабының 1-тармағына және «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 болып тіркелген) сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2021 жылға арналған шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2021 жылға арналған шекті мәндері
Шымкент қаласы әкімдігінің
«16» сәуірдегі 2021 жылғы
№ 243 қаулысына
қосымша
Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2021 жылға арналған шекті мәндері
№
п/п
Тауарлар атауы
Бірінші тоқсан
Екінші тоқсан
Үшінші тоқсан
Төртінші тоқсан
1.
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), кг
324 тг
341 тг
368 тг
329 тг
2.
Бірінші сортты бидай ұны, кг
184 тг
177 тг
180 тг
189 тг
3.
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), кг
391 тг
431 тг
430 тг
484 тг
4.
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), кг
156 тг
149 тг
153 тг
150 тг
5.
Рожки (өлшеніп салынатын)
313 тг
297 тг
298 тг
302 тг
6.
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), кг
2003 тг
2082 тг
2123 тг
2055 тг
7.
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), кг
879 тг
861 тг
890 тг
912 тг
8.
Пастерленген сүт, майлылығы
2,5 %, жұмсақ қаптамада, л
234 тг
238 тг
238 тг
249 тг
9.
Айран, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада, л
263 тг
253 тг
254 тг
259 тг
10.
Сүзбе: майлылығы 5-9 %, кг
2154 тг
2061 тг
2071 тг
2090 тг
11.
Тауық жұмыртқасы (I санатты),
10 дана
322 тг
306 тг
338 тг
344 тг
12.
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 % толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), кг
2460 тг
2352 тг
2414 тг
2441 тг
13.
Күнбағыс майы, л
514 тг
517 тг
529 тг
541 тг
14.
Ақ қауданды қырыққабат, кг
101 тг
65 тг
103 тг
84 тг
15.
Басты пияз, кг
88 тг
106 тг
59 тг
78 тг
16.
Асханалық сәбіз, кг
130 тг
161 тг
108 тг
109 тг
17.
Картоп, кг
146 тг
148 тг
106 тг
136 тг
18.
Ақ қант - құмшекер, кг
253 тг
244 тг
234 тг
243 тг
19.
Ас тұзы («Экстра» - дан басқа), кг
55 тг
58 тг
56 тг
57 тг